22:32 Атбегілік арналары | |
БИЕ және ҚЫМЫЗ Қымыз Қымыз дайындау. Қымыздың ашытқысы қор деп аталады. Қорды сабаға не күбіге салып, оның үстіне жаңа сауған саумалды құйып, сабаның сыртын жылылап орап тастайды. Қор сіңген саумалдың дәм қышқылданады. Сөйтіп, жаңадан қор алынады. Жаңа қордың үстіне тағы да саумал құйып, оны жарты сағаттай пісіп, араластырады. Қымыз шатылытаны ыдыстың ішіне қойдың сүрі құйрығын немесе жылқының сүрі қазысы мен семіз жаясын салып жіберсе, қымыз майлы әрі жұмсақ болады. Әдетте қымыздың өзінен де май шығады. Ол май қаралтқымданып, қымыздың бетінде қалқып жүреді. Іңірде пісілген қымызды жылылап қымтап қойып, келесі күні биенің бас сауымы сауылып болғаннан кейін ғана қотарады. Сабамен күбіні ең кемінде аптасына бір рет ыстап отыру керек. Дер кезінде тазартып тұрмаса ысталмаған ыдыс өңезденіп, қымыздан ескі дәм шығып тұрады. Дайын болған қымызды құйып алғаннан кейін, оның орнына қайта саумал құйылады. Бұл іс осылай жалғаса береді. Қымызды сабадан құйып алғанда түбінде жетерлік мөлшерде қор қалуға тиіс. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |