19:33 Атбегілік арналары | |
ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ЖЫЛҚЫ ТҰҚЫМДАРЫ Будан тұқымдар Көшім жылқысы. Басы үлкен болғаынмен дөрекі емес, мойнының ұзындығы орташа, шоқтығы биік, әдемі, кеудесі кең, төсі алшақ, қабырғалары шеңберлі, арқасы тегіс те жазық, белі толық, кейде қайқы бел болып келеді. Жұмысқа төзімді. Биелері құлындағыш және сүтті. Қостанай жылқысы. Бұл жылқы Қостанай облысының «Қостанай» мен «Майкел» жылқы зауыттарында және Челябі облысындағы «Торицк» жылқы заутунда өсіріледі. Тұқымы жергілікті қазақ жылқылары және таза қанды, салт мінетін дон жылқыларымен будандастырылған. 1951 жылы жаңа тұқым болып бекітілді. Қостанай жылқысының басы орташа, мойны түзу, ұзындығы орташа, шоқтығы етті, алқымы кең, арқасы жалпақ, жауырыны мен қабырғалары ұзын, аяқтарының сіңірлері шығыңқы, шашасы шағын, топайлары орташа, тұяқтары дөңгелек, әсем келеді. Өте жүрдек, күшті және төзімді, салт мінуге де, жегуге де қолайлы. Буденный жылқысы. Бұл еліміздегі өсіріліп шығарылған жаңа жылқы тұқымдарының ішіндегі ең таңдаулысы. Аталмыш тұқымды шығаруға Кеңес Одағының Маршалы С.М.Буденный басқарған бір топ мамандар мен тәжірибелі адамдар қатынасты. Буденный тұқымын таза қанды, салт мінетін жылқының айғыры мен дон тұқымының биелерін шағылыстырып шығарған. Денесі ірі келеді, басы ұзын, қағілез, мойны ұзын, етті, шоқтығы биік, арқасы түзу, жазық, кеудесі кең, қабырғасы дөңгелек, белі мықты. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |