08:56 Атбегілік арналары | |
ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ЖЫЛҚЫ ТҰҚЫМДАРЫ Қазақтың төл жылқы тұқымдары Сарыарқа жылқысы. Бұл жылқы тұқымын этнограф Ахмет Тоқтабай ертеде Ақмола-Торғай және Қарқаралы-Шыңғыстау аймағында көп тарағаны жайлы және бойының биіктеу, арқасы қысқа, сауыры шолақ сөйте тұра, қазақ жылқысының негізгі аборигенді өкілі екенін жазады. Қазір құрып кеткен Сарыарқа тұқымдарына 1902 жылдары мамандар назарына ілінгн қазақтың «сібір» понилерін жатқызуға болады. Бұл жылқыны қазақтар «домбай» деп аатған. Домбайлардың түрі ерекше көз тартатын, ақшулан денелеріне қара дақтар мен жолақтар түсіп домалақ денелері сүйкімді көрінетін болған. Іле жылқысы. Бойы биік, денесі шымыр, мінезі сергек, сезімтал, бас бітімі сұлу, қу бас, қан тамырлары ашық, көзі жанарлы, ботакөз, қамыс құлақ, салпы ерін, үңгір сағақ, кеңсірігі түзу, кең танау, қой мойынды, майда жал, ой желке, сымпыс құйрық, шоқтықты, арқасы түзу, белі ұзындау, жалпақ сауыр келеді. Қабырғалы, мықынды, қарын сау, омыраулы, салқы төс, аяқтары мықты, сіңірлері ашық, бақайы ұзындау, болат тұяқ, сырт сымбаты сұлу, түсі әртүрлі болады. Осыдан ширек ғасыр бұрын қытай ғалымы Цай Хоншэн орыс зерттеушісі В.И.Палкиннің пікірлерін қолдай отырып: «Түркі дәуіріндегі алтай жылқысының негізгі бой-тұрқы қазіргі қазақ жылқысына ұқсайды» десе, екінші бір қытай зерттеушісі Сэ Чэнся «Қытайдың жылқы тарихы» атты кітабында: «Қазақ жылқысы деп жүргеніміз – қазіргі Іле жылқысы», - деп атап көрсеткен. Орал тұқымы. Бұл жылқы шығу тегі жағынан Орал жылқысы қазақ тұқымына жатады. Жуан кесек сүйекті, бұлшфқ еттері бұлтылдап тұрады, тұрқы келісті жылқы. бағым-күтімі қазақ жылқысынан айнымайды, сондықтан қазақи тұқымның ерекше шыдамдылығы сияқты қасиеттерін сақтап қалған. Жайық казактарының бие байлап, қымыз саумауына байланысты Орал жылқысының құлындары енесімен бірге жүріп, тез жетілген, бұрынғы қазақи тегіне қарағанда бойы биіктеліп, тұлғасы сомдарын, кесектеле түскен. Орал тұқымы қазақи жылқы тұқымының бір тармағы. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |