13:45
Атбегілік арналары

ЖОРҒАНЫҢ СЫНЫ МЕН БАБЫ

Жорғаның бағымы

Баптап жүрген жорғаны күніне 2 рет суарып, шөп береді. Көбінде сұлымен жемдейді. Ол үшін ыдысқа салып екшеп, тасын тереді, шаңынан арылтады. Егер сұлымен бір тас шайнаса, жорғаның тісі кеміктеніп, әлсізденеді.

Сұлыны шаңынан арылту үшін екі-үш рет сумен шайып, кір суын төгіп тастайды. Шайылған сұлыны 2-3 сағаттай суға бөрттіріп қояды. Бөктіріліп жұмсарған сұлыны жемдорбаға салып береді. Артынан бір литр сиыр сүтін ішкізіп қойса тіпті жақсы.

Жарысқа қатысып жорғалап келген жорғаны бірден тоқтатуға болмайды. Аяғына қан түсіп, ақсап қалады. Сондықтан оны жетектеп жүріп суытқа дұрыс. Аламан жүріске жорғалаған жорғаларды 30 минуттан 1 сағатқа дейін атпен жетектейді. Суыған соң бір шөміш (1 келі) мөлшерінде тазаланған сұлыны жемдорбаға салып жегізеді.   

 
 

жиған-терген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 188 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: