18:48
Атбегілік арналары

ЖОРҒАНЫҢ СЫНЫ МЕН БАБЫ

Жай жылқыдан жорға шығару

Аздаған жол немесе қой жорға жылқылардан немесе жүрісі жылдам аяғы жеңіл мінезі ұғымды жылқыдан су немесе төкпе жорға шығаруға болады. Мұндай жай жылқыға жорға үйретуші адамды «жорғашы» дейді.

Мысалы, екі немесе үш аяқты жорғаларды жетілдіріп, төрт аяқты тең жорға шығару үшін – ай толысып, дөп-дөңгелек болып көрінетін үш күнде күніне бір рет 4-5 шақырым жазық, тегіс жерде жорғалатады. Себебі, екі-үш аяқты жорға жорғалап жүргенде алдыңғы аяғын қысқа алады да, ойлы-қырлы шұңқырлы жерлерде жығылып қалады.

Сондықтан, көп жағдайда төртінші аяқтың жорғасын шығару үшін теп-тегіс мұздың үстін пайдаланады. Тағы да жоғарыдағыдай ай толған күні үш аяқты жорғаның барлық табанын бүршік тағамен тағалап (тайып құламас үшін), мұздың үстінде жүргізеді.

Толған айдың сәулесіне шағылысқан жорғаның көлеңкесі мұзға түседі де, ат өзінің көлеңкесінен қалыспаймын деп жанталаса жорғалайды. Осылай үзбей 2-3 сағат жүргізу керек. Үстіндегі адам тізгінін қатты қысып, мүмкін болса тақымға салып отырған жөн. Сәл тізгін босаса жорға жүрісінен жаңылады. Осылай жорғаның қалған жорғаламайтын аяқтары жорғалай бастайды.

Екі аяқты жорғаның үшінші аяғы жорға шыққаннан кейін оның бір жағы үйретіледі дп есептейді. Енді қалған бір аяқтың жорғасын шығару үшін жорғашы сол жақ үзеңгісін ұзартып, аяғын тіреп бүйірімен отырады. Осылай ердің оң жағына, бірде сол бағына отырып, 2-3 сағаттың ішінде төрт аяқты жорға шығару оңай шаруа емес. бұл нағыз атбегінің қолынан ғана келеді. Ал, туа біткен төрт аяғы теңселген жорғаны ешқандай мұзға да, сазға да салмай жорғалата береді.

Алтай өңірінің жорғашылары ыңғайы бар жылқыдан жорға шығару үшін ағаш бөренелерді жинап, күннің шапағы сияқты дөңгелек шеңбер жасайды. Жорғашы аттың шылбырынан ұстап қатар-қатар орналасқан бөренелерден тез-тез аттатып жүргізеді. Әбден мезі болған жылқы соңында бөренелерден оңай аттау үшін жорғалай жөнеледі.

Ішкі Моңғолдың Хөлөнбуйр өлкесінің атбегілері жүрдек жылқыдан жорға шығару үшін аттың екі жағына салмағы бірдей құм салған қапшық теңдейді де тегіс жерге жүргізеді. Жүріс барысында құмның салмағын жаймен қосып отырады. Осылай жорға шығарады.  

 
 

жиған-терген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 188 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: