16:35
Атбегілік арналары

ЖҮЙРІК БАПТАУДЫҢ МАУСЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Күзде ат баптау ерекшеліктері

  • Күзде жарататын жүйрікті жаз бойы қатты семіртпей, дүркін-дүркін үйірден ұстап алып, қинамай мінеді.
  • Түнде байлап, күндіз босатып бой қуатын тұрақтандыратын жаттығулар жасатады.
  • Майынан жеңіл арылту немесе майын етіне сіңіру тәсілдерін жасайды.
  • Ал, жаз байлаған жүйрік күздің соңына қарай тым семіріп кетсе, оны таңертең ерте су ішкізбей ұстап мінеді. Кешке шөлдетіп суарған соң таң асырады. Ертеңінде шөбі ащы жерге жайылтып, тұщылаған соң тағы да таң асырады. Бұлай жасаудың пайдасы жылқы іші-бауыры мен ішек-қарыныдағы ақаудан арылады. Кей өлкенің атбегілері бұл тәсілді «жүйріктің ішін босату» деп те атайды.
  • Күзде толық семірген жүйрікті суық түспей, яғни алғашқы қар жауған күні ұстап жылқы шашырап жатқан аумақты жартылай айналдырып жүргізеді. Ертеңінде жайылып жатқан жылқыны толық айналдырып, аузынан ақ көбігін шығарады. Бұлай етудің пайдасы жүйріктің шел майы еріп қара етіне сіңеді.
  • Қыркүйектен бастап қаңтар айы біткенше табындағы жылқыға қоя береді, оның себебі, көп жылқының ішінде жүрсе, мінезі жайлы, көңілі сергек болады, ақпан, наурыз, сәуір айларында аты қолға алып баға бастайды. Бұл уақытта жейтін қорегі сұлы мен жұмыр шөп. Сұлыны түнде бір рет 3-4 қос уыстап береді, мұны «бір ішек қылып бағу» деп атайды.
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 187 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: