11:27 Атбегілік арналары | ||
ТАЙ-ҚҰЛЫННЫҢ СЫНЫ Жүйрік құлын тумай жүйрік ат болмайтыны түсінікті қағида. Қазақта «ат тұяғын тай басар» немесе «өзіңнен құлын тумай атқа жарымайсың» дейтін қанатты сөздер бар. Сол себепті халқымыз құлындарға ерекше назар салып, мән берген. Тіпті, құрсақта жатқан құлынды сынайтыны жайлы бұған дейін де айтылды. Ат сыншыларына ортақ қағидат: жүйрік табар биенің құлыны төмен бітеді, яғни биенің қарны жер сызып тұрады дейді. Сол сияқты сыншылар құлынды желіде де сынайды. Бие бауда, желіге байланған жүйрік болар құлындарды басқа құлындардан ерекшелеп, кеңсірік, желкесін ноқтаға қиғызбай мәпелейді. Кейін келе арда, тел емізіп сүйегін ақ жіліктендіреді. Көзден таса етпейді. Қасқырға жегізбеу жағын ойластырады. Ұры-қарыдан таса қауіпсіз орынға бағып-күтеді. Тұлпар болар құлын үшін ерекше көңіл аударатын бір нәрсе оған алғашқы қырық күнде қулықтың сүтін, екінші қырық күн бойы қысырдың сүтін еміздеі. Алғашқы тоқсан біткен соң, құлынға түрлі жылқы аурулары жоламас үшін, жеміне қызыл дәрі қосып береді. Қазақтар оны «алтын күкірт» деп атаған.
Жүйрік құлынның сыны:
жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | ||
|
Всего комментариев: 0 | |