11:42
Атбегілік арналары

БАЙЫРҒЫ ТҰҚЫМ-ТҮРЛЕРДІҢ ӘЛЕМГЕ ТАРАЛУЫ

Жылқы қазақ баласы үшін қорегі мен сусыны, көлігі мен түлігі ғана емес, жылқы – қаруы мен қорғанышы. Қашса құтылуға, қуса жетуіне қажетті айбары мен қуаты. Ата жауына алтын беруге бар алаш баласы ат беруге келгенде сараң. Себебі, ат беру дұшпанына қару бергенмен бірдей.

Әлбетте, қазіргі заман жылқыларының арғы тегін зерттеушілер осыдан миллион жыл бұрын өмір сүрген жылқы тектес экус кабалкус тұқымынан бастау алады деп есептейді. Аталмыш тұқым әуелі Америка, Азия құрлығында өсіп-өніп, соңынан Африка және Еуропаға тараған деген тұжырым бар.

Жылқы тұқымдастар – есек, құлан, зебр, жабайы жылқы деген 4 текке бөлінеді. Көптеген зерттеушілер жоғарыдағы жабайы жылқы тұқымына керқұлан  (Пржеваль жылқысы) мен қазіргі таңда жойылып кеткен тарпаңды жатқызып жүр. Керқұлан үйірлері қазір атақты Гоби шөлінің оңтүстік бөлігінде ғана кездеседі. Қазіргі үй жылқысының ең жақын тек-тұқымы осы керқұлан. Қазақта: «Жылқының арғы атасы – құлан» дейтін көне тіркестің  өзіндік мәні бар.

Бірақ, бұның бәрі нақты тұжырым емес. Десе де, жылқы тұқымын зерттеуші ғалымдардың ортақ пікірі бойынша: қазіргі заман жылқылары байырғы төрт тұқымнан тараған. Яғни, олар – екі жеңіл жылқы түрі мен екі пони (ергежейлі жылқы) тұқымы деген пікір басымдыққа ие.

Бұрқылдаған қақ көзі,

Суат болмас демеңіз,

Жер тағысы керқұлан,

Жылқы болмас демеңіз.

(Ел аузынан)

Эксмурын пониы. Пони тұқымы, яғни бұл түр батыс Еуропада кельт пониы деген атпен белгілі. Бұл тұқымның басты ерекшелігі – аса ылғалды, дымқыл мекенде өсіп-өнуге бейімделген. Зерттеушілер эксмурын және Исландия пониын осы тектен таратады.

Соррай. Шығыс Еуропа мен Азия құрлығында өмір сүрген шағын жылқы түрі. Бұл тұқым кельт пониына қарағанда денесі сом, салмағы ауыр, қозғалысы баяу болуымен өзгеше және қазіргі салқын қанды жылқы түрінің түп атасы ретінде мойындалған. Қазіргі таңда әлемге танымал: юьорд, норик, хайланд (хаяланд) тұқымдары аталмыш түрдің бүгінгі жұрағаты.

Норик. Азия құрлығына тән жылқы. Бойының биіктігі – 1,4 метр, екінші тұқым-түрден үлкен. Бұл түрдің басты ерекшелігі – тұлғасы жеңіл, құлағы ұзын, мойыны сұңғақ, көбір жүні тақыр, негізінен жылы жақта өсіп-өнуге бейім. Сол себепті, шөлге алдырмайды. Бұл тұқымнан – қарабах, андалуз, соррай сияқты пони түрлері пайда болған.

Юьорд. Бұл тұқымға азиялық тарпаң жатады. Ерекшелігі – басы шағын, жүні сұйық, төзімді жылқы. Бұл тұқымнан араб жылқылары тараған десе, кейбір зерттеушілер аталмыш тұқымға ең жақыны каспий пониы дейді.

Жоғарыдағы тұқым-түрлердің бір-бірінен айырмасы  - сүйек құрылымы мен дене бітіміне қатысты ажыратылады. Бұл айырмашылық олар өмір сүрген ортаның климаттық өзгешелігіне байланысты пайда болады.

Жоғарыдағы төрт тұқым-түрден басқа қазіргі таңда өмір сүріп жатқан керқұланды зерттеушілер есек тұқымдас деп тануда. Керқұланның бізге белгілі үш тұқым-түрі бар. Олар: грев керқұланы, бурхель керқұланы, тау керқұланы.бәзбір зерттеушілер алашұбар куагга жылқысын керқұлан тұқымына жатқызғанымен бұл түр жер бетінен жоғалғалы бір ғасырдан асып барады. Бір таңқаларлығы керқұлан әлі күнге дейін қолға үйретілмей, байырғы жабайы қалпында өмір сүріп келе жатыр.

 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі  

Просмотров: 277 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: