23:11
Аспанға қараймын...

ҚАМБАР ЖҰЛДЫЗЫ

Орнығып отырып қалған жерден малдың қамы үшін жедел көшу керек. Мал болса арық және күйектің кезі, ал жазғытұрымғы күнге сенім жоқ, аумалы-төкпелі, күн жылынып, жер көктеп қалған кезде кенеттен екі-үш күн боран соғып, алай-түлей де бола салады. Неде болса бел байлап, көшуге ыңғайланған шаруа іңірде далаға шығып, күн шырайын болжады, айыққан аспанға қарап Үркерді, Үшарқарды тапты, «шабысайын» деп тұрған Ай мен Қамбарды көрді. Ертеңінде көш-жөнекей нөсер жауып, арты боранға айналды. «Жазғытұрымғы боран жардай атанды ұшырады» дейді ел. Мал қырылды. «Тышқақ лағын» қимайтын шаруаның жүздеген бас малы бір-ақ боранда қырылды. Жол болмады, бәленің басы Қамбар мен Айдың кездесуіне қарсы көшкеннен болды деп жориды үрейленген адамдар.

Қамбарға сенішулер біздің кеземізде де бар. Бір шопан былай дейді:

- Қызылқұм шөлінде Қырыққұдық деген жерде екі кісі қоймен бірге қонып жатық. Бригадир көш дегенде, бүгін Қамбар Аймен «таысқалы» тұр, көшпеймін дедім. Қазақтың ырымы көп, түк те болмайды, көш деп ол бізді көшірді. Көшіп бара жатқанымызда қызыл боран үш күн соғып, қой көп қырылды.

Қамбар Аймен тоғысарда «бақырады» дейді. Қамбар туса, оны маңдайыңв салма, артыңа сал. Қамбар жұлдызы

Әр бірде күннің шығысында,

Төртте төбеде,

Әр бесте бесіндікте,

Алтыда арқада,

Жетіде жер астында,

Онда қол астында, -

деген бұрынғылар. Осылай Қамбардың әр айдағы орнын халық біледі. Мұны Шабыт дейтін аз ғана ел рәсім ететін.

Қаңтарды бірдің айы деп алсақ, сонда осы тақпақтағы Қамбар тұрғысының белгілері, шынында, оның әр айлардағы орындарын дәл бере алады. Іңірдегі Қамбар жұлдызы қаңтарда күннің шығысында, сәуірде төбеде, маусымда (егер күншығысқа қарап тұрсақ) арқада, шілдеде желкеде, қыркүйекте «жер астында» болады, түнгі аспаннан көрінбейді.

Қазақ халқы ІХ-Х ғасырларға шейін шаман дінінде болып, Күнге, Айға, көкке, отқа табынды. Малдың, әртүрлі індеттердің, судың, жолдың «иесі» бар деп түсініп жүрді.

«Жұлдызы жоғары», «жұлдызымыз қарсы» деген сөздер қазақ арасында да аспандағы жұлдыздар адам тағдырына әсерін тигізеді деген астрологиялық жалған сезімнің бір кезде тарағанын білдіреді. Қамбар мен Айдың кездесуі жолаушыға кесірін тигізеді деген ырым – діни нанымдардан қалған сарқыншақ.

Боран болуы Қамбар мен Айдың тоғысуына тәуелсіз болатын метеорологиялық құбылыс. Бір кезде сол тоғысу қарсаңында Қызылқұмда боран болса, Мойынқұмда күн ашық, ал Қарақұмда ауа «айналып жерге түскен» ыстық болуы мүмкін.

Қызылқұмда байқалған Қамбар мен Айдың тоғысуы Қарақұмда да, Бетпақдалада да, яғни барлық жерде бір кезде байқалады.

Әңгімеге тиек болған қате сенімдер тек адамның табиғат құбылыстарын және олардың арасындағы байланыстарды терең түсінбегендігінен болады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 10 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: