17:48
Аспанға қараймын...

ҮШАРҚАР-ТАРАЗЫ

Үшарқар-Таразы қандай жұлдыз?

Өзге шытырман жұлдыздардан гөрі Үшарқар-Таразы өзінің сәулетті пішінімен, ерекше тұрғысымен көпке әйгілі болды. Оның бейнесін әркім бас-басына өзінше белгілеп, ұмытпай көкірегінде сақтады. Осы жұлдыз жайында, мүбада, сөз бола қалса, кім болса да іркілместен оны өз жөнімен өрнектеп береді, бірақ бәрінің де сөзі Үшарқар-Таразының дәлме-дәл сипаты болып, бір арнаға құяды.

- Таразы үш жұлдыз, дойбының ұзын үйіндей қаз-қатар, бірыңғай ретпен, бірінің артынан бірі тіркеліп тұрады. Үш жұлдыз ұшқан тырнадай біріне-бірі тізіліп, қосақталған малдай шұбатылып жүреді.

- Үш жұлдыз, қашып келіп үркіп тұра қалған арқар сияқты, шұбап тұрады. Үшарқар басқа көп жұлдыздан ірірек, ақ жұлдыздар.

- Арасы, түсі бірдей, қолдың саласындай үш жердегі үш жұлдыз.

Бағзылар мұны толықтырып, Үшарқар үш-үштен шұбатылған екі бөлек, үшеуі қатар, үшеуі оған көлденең (шаршы), барлығы алты жұлдыз болады деп, саусақтарын үш-үштен қатарлап қойып,екі алақанын қиғаштап ұстап көрсетіп, Таразы жұлдыздарын осылай түсіндірмекші болады. Таразы ара-арасы бірдей қатар үш жұлдыз. Бүйірінде «Шайтантаразы» дейтін кішкене үшеуі бар. шайтантаразы күмілжім (майда), көзі жетік адам болмаса, оны анықтап көре алмайды.

Шайтантаразы (Кішітаразы) қиқымдай үш жұлдыз, ол Үлкен таразыдан төменірек тұрады деп Жаңақорған ауданының адамы бастаса, Үшарқар-Таразының үшеуі жарқырап тұрады, енді үшеуі күлдікөмескі болады деп оны жаңғызтөбеліктер қостайды.

- Үшарқар-Таразы Шідер жұлдызы деп аталады. Бүйірдегі шұбатылғаны Шідердің өресі, ана көлденең үшеуі желісі. Осы үшеуінің ортаншысы оқтық (не тобық). Үшарқардың астында Шідер жұлдыз (не аспанда шұбатылған Шідер жұлдыз...) деп басталатын қалжың өлең бар.

Шайтантаразының күлдіркөмескі болып, шұбатылып көрінетін майда жұлдыз стяқтысын Үшарқар әңгімесінде мергеннің мылтығының түтінінен пайда болған дейді.

Міне, көзбен көргендер Орион шоқжұлдызын осылай сипаттайды. Ал енді тұңғиық аспанның осы Үшарқар-Таразы тұрған атырабын телескоппен (дүрбімен) үлкейтіп қарасақ, қазақтың Шайтантаразы дегенінде ғаламат қызық сыр бар екенін аңдаймыз.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 9 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: