17:57
Аспанға қараймын...

БОСАҒА

Ел аузынан

Босағаның екеуі батпайды, еңкейіп барып қайта көтеріліп кетеді. Ол екеуі қайта көтерілгенде Үркер туып, сол Үркермен бірге жүреді деп, қайсыбіреулер толықтырыңқырап баяндап береді. Мұны айтатын Арқа қазақтарының күзетпен таң атқызатындары.

Анығында, Балқаш көлінен, Қызылорда қаласынан солтүстікке қарайғы жерлердің бәрінде де елдің байламына сәйкес, басқаша айтқанда ол атыраптар үшін Босағаның бұл екі жұлдызы батпайтын (горизонт астына түспейтін) жұлдыздар.

Жұлдыздардың бату, батпауы орнның ендігіне байланысты екенін бақылаушылар зейін қойып аңлаған.

Осыған сәйкес жұлдызды аспанның көрінісі, бір уақыттың өзінде географиялық ендігі әртүрлі орындар үшін әртүлілеу болатыны есте болу керек.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарының оңтүстік аудандары үшін және түгелімен Түркістан облысы үшін Босағаның төрт жұлдызы да бататын жұлдыздарға жатады. Ал қалған жерлер үшін Босағаның екі жұлдызы, оның біреуі Капелла батпайтын жұлдыздар.

Көкжиекке (горизонтқа) жақын барғанда бұлдыраңқырап, жұлдыз нашар көрінеді. Сөйтсе де күзетшілер олардың қыр соңына түсіп, қадағалап, олардың батпай айналып тұратын қозғалысын жақсы пайымдаған.

- Үркер батып та жүреді, туып та жүреді, екі Босаға аман болсын деп көңіл айтады, қазақ сәби баласы өлген адамды жұбатып. Мұна Үркердің кей уақытта батып кетіп, қажетке жарамай қалатыны, ал Босағаның екі жарық жұлдызы қашан да батпай, аспаннан табылатыны ишараланып отыр.

Барады төмен ағып төрт шағала,

Екеуі қайта қонды ол немене?

Ылай мен тұнық судың арасынан

Бір аққу шыға келді оған төте.

Болсаң да аса білгіш бір сасарсың.

Тауып бер жұмбағымды көп бөгеме, -

деп Босаға мен сыр мінез болған малшылар оны жұмбаққа да жаратты.

Түн мезгілдерін, жыл мезгілдерін белгілеу үшін Үркермен қатар Босағаның маңызы да малшылар үшін күшті болды.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: