09:25 Аспанға қараймын... | |
БОСАҒА Босаға қандай жұлдыз? - Жазғытұрым төрт жұлдыз – Босаға белгі. Оның артқы екеуі (Кастор мен Поллукс) батқаннан кейін алдыңғы екеуі батқанша таң әбден атады. Артқы екеуі әбден батқанша таң атып болмайды. Жазға шейін осыны, ал бұл батқан соң Үркерді, таразыны белгілейміз дейді шопандар. Бірақ Босағаны ел күздігүні де, қыстыгүні де белгілейді. - Құс қайтқанда Босаға Үркердің артынан туады дейді олар. Бұдан гөрі де кеңейтіңкіреп, Үркер болса көтерілді, осаға болса туды, қымыз сұйылды, сорпа-көже қатық болды, қошқар-текеге күйек байланды дейді. Босаға жайында мынаны ескертейік. Ел кейде төрт Босаға дейді, ал кейде оларды екі-екіден біріктіре келе «екі Босаға» дей салады. Күз айларында Босаға іңірде шығыс-солтүстікте көрінеді де, түн ортасы ауа төбеге көтеріліп кетеді. Елдің күздігүні Босаға еңкейіпті, түн ортасы ауып барады деген белгісіне тоқталайық. қоңыр күз айларында іңірде шығыстан Босаға тік көтеріліп шығады да, түн ортасы ауа (тік тұрған әкпіштің қисаюы сияқты) еңкейе береді, яғни алдыңғы екеуі төмендеп, артқы екеуі (Кастор мен Поллукс) жоғарылай береді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
