23:34
Аспанға қараймын...

ҮРКЕР

Үркер көтерілді

Үркер көтерілуімен байланысты аңғарылатын табиғат құбылыстары жайында ел былай дейді:

- Үркер туды, енді таң ұзара береді.

- Үркер жер бетіне шықты, қозы пісті.

- Үркер көтеріліп қалғанда шөп те көтеріледі, бидай да бас тартады.

- Үркер көтерілгеннен кейін малдың арықтығы білінбейді.

- Үркер көтеріле кәрі саулықтың еті мен сорпасы тәтті болады, өйткені түн ұзарып, көп күйсейді.

- Үркер көтерілсе, күн қысқара береді, қозының етіне дәм кіреді.

- Үркер жамбасқа келді, тоқты сорпасы ас болады.

- Үркер жоғарыламай лақ сорпасы ішуге келмейді. Лақ сорпасы Үркер көтерілгенде ішуге келеді. тамыздың ақ лағы болады (лақ теңеледі) деген сөз бар. өзге сорпа одан бұрын да ішуге келеді. лақ қозыдан кешірек піседі.

Сөйтіп бұл сөздерден мынау аңланады: Үркер көтерілген сайын түн ұзарып, күн қысқара береді. Өсімдік көтеріле береді, оны жеген мал семіріп, оған күй біте бастайды. Әуелі үлкен қой, одан кейінірек қозы, одан кешіріек лақ союға жарайды.

Үркермен, сорпамен байланысты ел арасында айтатын күлдіргі әңгімелер де аз емес.

Бір бай Тонтайға сорпаға тойып алыңыздар, Үркер туды, енді сорпа ас болады дегенде Тонтай сорпаны аспандағы алты итке (Үркерге) апарып бер де, бізге ана бас жақтағы қара сүйретпедегі қымызыңды (оны тығып қойып бергісі келмепті) әкел депті.

- Аязбай сорпашыл адам. Бірақ Үркер тумай орпа ішуге келмейді. Сорпаны сағынған Аязекең енді бірде, әлгі «жеті ит қай уақытта оянады» деп асыға күтеді. Бір күні Үркер туды деп құмар сорпасын тоя ішеді. Іші бұзылады. «Әлгі жеті итке сенем деп құрып қалдым» деп сонда айтыпты.

Диқаншылар да астықтың пісетін мезгілін Үркерге қарап айырды.

- Үркер көтерілген сайын астық дәнденеді, бас жарады. Шөп те пісуге айналады. Мал пісуге айналғанда сорпа ұйымайды.

- Үркер көтерілгенде сорпа піседі.

- Үркер туды, енді қауын піседі. Бұл тамызға сәйкескеледі деседі ел арасында.

Қазақ халқының ежелден сүйіп жейтін құмар асының бірі тары. Көп аудандарда тары ең қадірлі тамақтың қатарына жатады. Шәркін, жақсы тары-ай! Дегенде олар ішкен асын жерге қояды, қазы-қарта, жал-жаядан артық көреді. Тары егіп шығару жас ботаның күтімі сияқты, ол жеріне қарай өзгеше әдіс қолдануды керек ететін көрінеді. Үркер көтерілмей тары көтерілмейді. Күн жылына жер буланады, тары көтеріле бастайды.

- Үркер көтерілген соң тары себіледі. Бірақ тарының бидаймен қатар егілетіні де болады.

- Үркер туғанда тары айдадық дейтін. Ол шыбыннан аман болады. Қазан айында піседі. Тоқтау суға мұз қатқанда үсік ұрады. Оған тары бой бермейді, тек сабағы ғана үсиді дейді іле бойындағылар. Осылай әр жердің өз кәсібіне қарай жұлдыз реңіне таққан ен-таңбалары болады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 5 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: