16:49
Артық болмас білгенің

ЕГЕР СЫЙЛАҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ

  • Үлкенге – сәлем; қуантқанға – сүйінші; соғымнан – сыбаға; егіннен – кеусен; малдан – көгендік; балаға – базарлық; киімге – байғазы; сәбиге – көрімдік, төркіндеген қызға – қалау, көрші қонғанға – ерулік; көшкенге – «айрылысар көже»; досқа – ескерткіш, жетім-жесірге – қолқайыр; мүсәпірге – садақа; алғашқы қымыздан – «қымызмұрындық»; соңғы қымыздан – «сірге жияр»; дәулетіңізден шүлен таратып бересіз; тойға – тойхана; құдалыққа – киіт; үйлену тойына – немеурін; азаматқа – сыйлық, қуанышқа – шашу; сағынғанда – сәлемдеме; асқа – саба (қымыз), сойыс; қазаға – аза апарасыз.

 

ЕГЕР СҰРАҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ

  • Алладан – денсаулығыңызды; пайғамбардан – шапағат, қыдырдан – бата; аруақтан – желеп-жебеуін, данадан – өнеге, білім; батырдан – сауға; аңшыдан – сыралғы; қарттың – хал-жайын; ананың – мейірімін; жетімнің – жай-күйін; аудың – амандығын; науқастың – көңілін; туыс-туғанның – бүтіндігін; олжадан – тәбәрік; қонақтан – «бұйымтайын» сұраңыз.

 

ЕГЕР ЮІЛГІҢІЗ КЕЛСЕ

  • Ата – даналық; әке – тау; ана – бұлақ; апа – тілек; аға – қанат; іні – тірек; бала – бақыт; ұл – мұрагер, қыз – өріс; нағашы – сүйеніш; Жер – тіршілік; жылқы – мақтан; түйе – салтанат; сиыр – қанағат; қайын – қанағат; туыс – қорғаныш; жастық – қызық; азаматтық – дәурен, жомарттық – барлық; мәрттік – ерлік; қайырым – азаматтық, су – өмір; қазына – байлық; от – қуат; денсаулық – байлық, тіл – тереңдік; білім – шексіз; ақыл – артық; қой – қазына; байлық – мұра; өнер – мәңгілік; дін – сенім.

 

ЕГЕР ҚАЛАҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ

  • Азға – қанағат; барға – тәубе; жоққа – сабыр, тойсаң – тоба; ауырға – төзім; жақсылыққа – алғыс; жамандыққа – қарғыс; болашаққа – сенім; жетістікке – үміт, өткенге – салауат; қалғанға – береке; басқа – амандық; денге – саулық тілеңіз.

 

ЕГЕР САҚТАНҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ

  • Достың күлкісінен; дұшпанның табасынан; жаманның жаласынан; пәлеқордың пәлесінен; астың аласынан, ұшынған өрттен; дауасыз дерттен; тасыған судан; екіжүзді қудан; шайтанның азғыруынан; ішімдіктің аздыруынан; аса байлықтан; сайқал қатыннан; есуас әкімнен; ата-анаға кінәлі болудан; дін алдында күнәлі болудан сақан.

 

ЕГЕР АЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ

  • Жұрттың алғысын; қарттың батасын; кішінің сәлемін, көптің сенімін; тәлімдіден тәрбие; ғалымнан ғылым, білім; жомарттан байғазы; мәрттен сүйінші, жерден – қуат; көктен – нұр алыңыз.

 

ЕГЕР БЕРГІҢІЗ КЕЛСЕ

  • Қуансаң – той; қорықсаң – «ақсарбас»; шошысаң – құдайы; ауырсаң – садақа; байысаң – шүлен; Оразада – пітір; малдан – зекет; олжаңнан – тәбәрік; шөлдегенге – су; шалдыққанға – көлік беріңіз.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 774 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: