18:09 Адами-азаматтық алғыс | |
ЕҢБЕКТІҢ ЕЛЕНГЕНІ – ЕРЛЕГЕНІ! Тауқыметті-таусылмас тірлік-тіршілік заңды жүрісінен еш
жаңылмайды да. Таңның атысынан күннің батысына дейін, тіпті, одан кейін де
шығармашылық ізденіс, мақсатты жоба, қажетті ақпарат, керекті оқылым, көрігі
суымаған жазылым – бәрі-бәрі сынаптайын сырғымалы қозғалыстың нышандары. Ақпарат және байланыс қызметкерлері, журналистика
саласының қызметкерлері күнін салтанатты түрде мерекелеген Лебяжі ауданы
әкімшілігі адами-азаматтық тұрғыдан ілтипат тұғырына тұрақтады. Осынау
қызметтерде аянбай һәм абыроймен еңбек
етіп келе жатқан әрбір азаматтың қосып жүрген үлесі қомақты. Аудан әкімінің
Құрмет грамотасы мен грант-сертификатына, аудандық мәслихаттың,
аймақтық-аудандық «Нұр Отан» ХДП филиалының марапаттарына ие болған әрбір тұлға
марқайды бұл күні. Себебі ауданымыздың ақпараттық-коммуникациялық кеңістігін
кеңейтуде болсын, бұқаралық ақпараттық құралдар саласын әуелетеуде болсын
жүзеге асқан жұмыс нәтижесі менмұндалауда. Асылы сол,
еңбектің еленгені – ерлегені! Осы үшін де мың да бір алғысым шексіз. ШАҺМАНТЕГІ Бегімхан Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы | |
|
Всего комментариев: 0 | |