02:09
Адал қызмет көкжиегі

РИЯСЫЗ РИЗАЛЫҚ

Қоғам арасында адал қызметімен танылып жүрген жандар аз емес. Сан мыңдаған мамандықтар ішінде қисыны қиын жұмыстың бірі – тәртіп сақшысы. Ел тыныштығын, қоғам қауіпсіздігін тәулік бойы назарда ұстайтын полицияға деген құрмет те шексіз.

Жақында Лебяжі аудандық полиция қызметкерлері Бесқарағай ауылының тұрғыны Г.Сейітованы кәсіби қызмет әрекеті арқылы бір қуантып тастады. Өйткені олар қолға түсірген К. есімді азамат азаматша Г.Сейітоваға қарызын беруден жалтарып, әбден әуре-сарсаңға салған көрінеді. Ақырында міне полиция қызметкерлерінің қырағы іскерлігі арқасында қолға түсті. Қызметке деген адалдық деп осыны айтса керек.

Риясыз ризалығы қойнына сыймаған Г.Сейітова Лебяжі аудандық ішкі істер бөлімі бастығы, полиция полковнигі К.Ж.Түсіпбаевқа, полиция қызметкерлері Р.Ж.Жортаровқа һәм С.С.Қуанышпаевқа, т.б. осынау қылмыстық істі сәтті сабақтауға атсалысқандары үшін алғыс білдіруді жөн көрді. Көңілі жай тапқан азаматша аталмыш полиция қызметкерлеріне жұмыстың сәттілігін, табыстың тәттілігін шын жүректен тілейді.             

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай  ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 714 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: