18:19 Адал ас хақында | |
МӘКРУҺ Ұнатпау, жағымсыз болу, жек көру, қаламау мағынасындағы туындаған сөзі жағымсыз, ұнамсыз, сүйкімсіз, мазалау, қиындық секілді мағыналарды береді. Ханафи мәзһабы мен өзге мәзһабтардың арасында мәкруһ мәселесінде пікір қайшылығы бар. көпшілік факиһтар мәкруһ үкімінің бектіліуі үшін занни немесе қатғи дәлел болу керек деп санайды және Алла тағаланың кесімді түрде тыйым салмаған істерін мәкруһ санатына жатқызады. Ал Ханафи мәзһабы мәкруһты екіге бөліп қарастырады. Бірі – «Мәкруһ тахриман», екіншісі – «мәкруһ танзиһан». Ханафилер бойынша харам үкімі секілді мәкруһ тахриман үкімі де кесімді дәлелмен бекітілуі керек. Алайда харам мен мәкруһ тахриман арасындағы айырмашылық мынау: Харам қатғи дәлел арқылы бекітіледі, ал мәкруһ тахриман болса ахад хабар (Ахад хабар – мутауатир дәрежесіне жетпеген хабар) секілді занни дәлел арқылы бекиді. Осы тұрғыдан қарағанда, қандай да бір іс-әрекет мейлі харам, мейлі мәкруһ тахриман болсын, екі үкімде де Ұлы Жаратушы тарапынан кесімді түрде жасалған тыйым болуы керек. Ал Алланың салған тыйымынан тыйылмаса, адам екі жағдайда да ақиреттік азапқа душар болады. Бұл екі үкімнің арасында ақидалық тұрғыдан айырмашылық бар. яғни, харамды жоққа шығарған кісі күпірлікке түсіп, діннен шығады. Мәкруһ тахриманды жоққа шығарған пенде діннен шықпайды. Себебі мәкруһ тахриман занни дәлелге негізделген. Ал мәкруһ танзиһан дегеніміз – Алла тағаланың кесімді түрде тыйым салмаған істері. Мәкруһ тахриман харамға, ал мәкруһ танзиһан халалға жақын болып саналады. Сондықтан мәкруһ тәнзиһан үкіміндегі бір істі жасап қойған кісі жазаға емес, сөгіске ғана лайық болмақ. Ал Алланың разылығын қалап мәкруһ танзиһан істердің өзін тәрк еткен пенде сауапқа ие болары сөзсіз. Көріп отырғанымыздай, өзге мәзһабтардың жалпы мәкруһ деп баға берген істері Ханафи мәзһабындағы мәкруһ танзиһанға, ал олардың харам деп есептемеген істері мәкруһ тахриманға ұқсайды. Имам Ғазали мәкруһ сөзінің факиһтар арасында әртүрлі мағынада қолданылатындығын айта келе, оларды төрт категорияға бөлген:
Ғазалидің осы жіктеуіндегі үшінші категориясы жумһур ғалымдарының мәкруһ дегені мен Ханафилердің мәкруһ тәнзиһан дегеніне сай келеді. ал төртінші категориядағы қолданыс болса, Ханафилердің мәкруһ тахриман деген үкіміне сәйкес келеді. Мәкруһтың харам мағынасында қолданылуы көбіне алғашқы кезеңдерге сай келеді. Бұл жайлы Шатиби былай дейді: «Алғашқы ізгілер қандай да бір нәрсені шорт кесіп харам етуден сақтанатын. «Бұл – халал, бұл – харам» деп айту олар үшін қиын болатын. Керісінше, олар өздерінен бір нәрсе сұралғанда: «Мен мұны ұнатпаймын», «Бұл нәрсеніқұп көрмеймін», «Мұеы өзім жасамаймын» деген секілді сөздермен жауап беретін». Шатибидің айтуынша, олардың бұлай жауап берулеріне итермелеген себеп – мукәлләфтардың іс-әрекеттеріне қандай үкімнің берілетіндігінің белгілі бір шегін айқындайтын кесімді шариғи дәлел болмағандығы. Алла тағала: «(Алладан және пайғамбардан келген қандай да бір дәлелге сүйенбестен) тілдеріңнің өтірік сипаттауымен: «Мынау адал, мынау харам» деп айтпаңдар! Олай айтатын болсаңдар, (адал немесе арам деп үкім беру бір Аллаға ғана тән болғандықтан) Алланың атынан өтірік айтатындар әсте мақсат-мұраттарына жетпейді (оңбайды)» («Нахл» сүресі, 116-аят) деу арқылы адамдардың бұл мәселеде ықтиятты болуға шақырады. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
