18:03
Адал ас хақында

ХАРАМ

Шариғаттың мукәлләфтан кесімді түрде тәрк етуін талап еткен істеріне харам делінеді. Фикһта махзур, мәнһиюн анһ, мухаррам, мамиу, масия және сәйиә секілді сөздер де «тыйым салынған нәрсе» мағынасында, яғни, хараммен мағыналас немесе соған жақын мағынада қолданылады. Ханафи мәзһабы бойынша, қандай да бір іске немесе нәрсеге харам үкімі бекітілуі үшін кесімді дәлел болуы қажет. яғни, мағынасы айқын Құран аяты, мәшһүр (тізбектің әр сатысында рауилер саны үш немесе одан да көп болып, бірақ мутауатир дәрежесіне жетпеген хадис) немесе мутауатир (өзара жалға айтуға келісіп алулары мүмкін болмаған бір топ сенімді адамдардың өздері секілді сенімді адамадрдан жеткізген хабары) хадистер арқылы дәлел ретінде алға тартылуы тиіс. Ал басқа мәзһабтарда Занни дәлелдер (Қатғи дәлелдің антонимі. Яғни, Занни дәлел дегеніміз – кесімді дәлелге жатпайтын ахад хабар, маслахат, истихсан, әдет-ғұрып екілді шариғи дәлелдер. Занни дәлелде ижтиһадқа жол ашық. Ал Қатғи дәлелде ижтиһадқа жол жоқ) арқылы да харам үкімі бекітіле береді. Ханафи мәзһабында занни дәлел арқылы тыйым салынған істерді «тахриман мәкруһ»-қа жатқызады. Мейлі қатғи дәлел арқылы, мейлі занни дәлел арқылы тыйым салынып, харам мен мәкруһ тахриман үкімі берілген істі жасаған адам ақиретте жазасын тартады. Ал қатғи дәлел арқылы тыйым салынған қандай да бір харамды мойындамаған адам күпірлікке түседі.

Харам да екі түрлі болып келеді. біріншісі, өздігінен харам. Бұған өлексе, қан секілді болмысынан харам болып табылатын нәрселер жатады. Ал екіншісі белгілі бір себеппен харамға айналған нәрсе. Бұған кісінің өзіне тиесілі емес бір тамақты жеуін жатқызуға болады. Негізінде, оның жеген тамағы адал асқа жатады. Алайда ол өзге адамға тиесілі мүлік болғандықтан, иесінің рұқсатынсыз жеген адам үшін харам асқа айналады. Сонымен қатар күшпен тартып алынған жерде намаз оқу, жұма намазының уақытында сауда-саттық жасау секілді істерді харамның осы түріне жатқызамыз. Өздігінен харам істер барша адамдар үшін әрдайым харам. Ал белгілі бір себеппен харамға айналған істер белгілі себептермен харам болғандықтан, ол уақытша харам.

Бұл жерде мына нәрсені айта кету керек. Халал, харам, парыз, уәжіп секілді шариғи үкімдер заттарға емес шариғат міндеттері жүктелетін адамдардың іс-әрекетіне байланысты шыққан. Себебі адам ол заттарды қолданбаса, оны халал не харам деп қарастырудың ешқандай мәні қалмайды. Бұған қоса Құран Кәрімнің бірқатар аяттарында харамдықтың өлексе, доңыз және қан секілді нәрселерге байланыстылығы меңзелген. Оның себебі мынау: Алла тағала біршама нәрселерді адамның іс-әрекетінен тыс еткен. Яғни, олардың өздігінен харам екендігін білдіре отырып, оның жеу, ішу, сауда-саттық жасау секілді әрекеттерге ұқсамайтындығын білдірген. Бұл нәрселер құдды материалдық тұрғыдан бар болып есептелгенмен, шариғат тұрғысынан жоққа тән болып саналады. Соған байланысты іс-әрекетке негіз болған затқа (мысалы: доңыз, өлексе т.б.) тыйым салынғандықтан, соған қатысты іс-әрекетке (оны қолдануға) де тыйым салынады. Міне, сол себепті кейбір заттарды өздігінен харам деп атаймыз және мұнда оның харам болуы затың өзіне қатысты болып тұр. Ал белгілі бір себеппен харамға айналатын затта оның харам болуы адамның іс-әрекетіне байланысты болады. (жалғасы бар) 

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: