00:02
Адал ас хақында

ХАЛАЛ

Шариғаттың мукәлләф (Ислам дінінің бұйрықтары мен тыйымдарын орындауға міндетті болған ақыл-есі дұрыс, балиғатқа толған адам) адамға жүктеген міндеттері мен жасаған тыйымдары және сол екеуінің арасындағы өз еркіне қалдырылған істер «Тәклифи үкім» тақырыбы аясында қарастырылады. Шариғат мукәллафтарға қандай да бір істі жасауды немесе тәрк етуді бұйырады. Аталмыш бұйрық не кесімді әрі нақты болады немесе одан да жұмсақтау түрде келеді. осы тұрғыдан қарағанда, тәклифи үкімдер мынадай бөлімдерге бөінеді: егер қандай да бір істің жасалуы кесімді һәм нақты түрде бұйырылса, оған – уәжіп етіледі. Ал кесімді һәм нақты түрде болмаса, оған – мәндуб делінеді. Қандай да бір істің жасалуын кесімді әрін нақты түрде тыйса, оған – харам делінеді. Ал кесімді һәм нақты үтрде тыймаса – мәкруһ делінеді. Негізінде, шариғи бұйрықты іске асыруда қиындық туындаған жағдайда мухабтың бұл жіктеудің қатарына кірмеуі керек. Алайда усул ғалымдары мукәллафтың барлық іс-әрекетіне қатысты шариғи үкімдерді білдіру мақсатында асырмалау әдісі арқылы мухабты да тәклифи үкімдердің қатарына жатқызған және мукәллфатың жасап-жасамауы өз еркіндегі істерге мухаб деген үкім берген.

Тақырып мейлінше ашыла түсуі үшін тәклифи үкімдерге қысқаша түсіндірме беріп өттік. Енді «халал» сөзінің мағынасына келейік. Сөздікте мухаб, жайыз, рұқсат беру, тыйым салған нәрседен бас тарту деген мағыналарды береді. Ал терминдік тұрғыдан халал дегеніміз – жасалуы адамның өз еркіне қалдырылған, оны жасаған жағдайда адамның мойнына күнә жазылмайтын шариғат тыйым салмаған іс-әрекеттер. Кейде мубах, жайыз сөздері халал мағынасында қолданыла береді. Халалдың антонимдік мағынасы – харам.

Халал үкімі кейде өздігінен, яғни табиғатынан халал болады. Бұған жеміс-жидектер мен көкөністерді жатқызуға болады. Ал кейде белгілі бір жағдайларға байланысты, яғни зәруліктен жеңілдік жасалып харам нәрсе халалға айналады. Мәселен, алкогольді ішімдікті ішу харам екені белгілі. Алайда әлдекімнің тамағына бір нәрсе тұрып кептеліп қалып, оны итеріп жіберетін су таппаса, бірақ жанында арақ болатын болса, мұндай жағдайда адам өзінің өмірін сақтау үшін әлгі арақты ішіп жіберуге мәжбүр. Яғни арақ сол сәтте оған халал болып есептеледі.

Қандай да бір нәрсенің немесеістің халал не халал еместігін мына төрт жолмен біле аламыз:

1. Құран мен сүннетте қандай да бір нәрсенің халал екендігі анық айтылған болса. Мәселен, Құран Кәрімде сауданың («Бақарай сүресі, 275-аят), Рамазан айының түндерінде әйелмен жақындасудың («Бақара» сүресі, 187-аят) және әһл-кітап өкілдері сойған малдың («Мәида» сүресі, 5-аят) халал екендігі айтылады.

2. Құран мен сүннетте қандай да бір істі жасаудың күнә не айып болмайтындығы баяндалса. Мәселен, кейбір аяттарда жеуге тыйым салынған нәрселерді тізбектеп келіп, содан кейін бұл нәрселерді зәру жағдайда жеу күнә болмайтындығы айтылады («Бақара» сүресі, 173-аят).

3. Кей жағдайларда бұйырқ райында келген сөйлем бір нәрсенің мубах, халал екендігіне дәлел болады. Мәселен, «Ихрамнан (һәм қасиетті аймақтан( шыққаннан кейін, қаласаңдар, саятшылық құрыңдар» («Мәида» сүресі, 2-аят) аятындағы «саятшылық құрыңдар» деген бұйрық белгілі бір тыйымдардан кейін келгендіктен мубахтыққа дәлел болады.

4. Қандай да бір нәрсенің харам екендігіне ешқандай дәлел болмайтын болса, оның халал екендігін көрсетеді.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 5 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: