22:32 Абайтануға айқындама | |
ҚАРАСӨЗДЕР ҚАЛАЙ ТАРАЛҒАН? Көне дәуір ғұламасы Конфуций қытай өмірінің бар қыры қамтылған трактатын қалдырды. Оың насихатталу және дәріптелу деңгейінен бас айналады. Ал Абайдың қос трактаты ше? Олар халқына қалай таралды? 1933 жылы Қызылорда қаласында Абайдың тұңғыш «Толық жинағы» басылып шықты. Осы жинақта Абайдың ғақлия мұрасы алғаш рет баспа бетін көрді. Оған дейін кең таралды дей алмаймыз. Тобықты ішінде молдалар арқылы таралып, Абайдың жақын айналасы және Әуез сияқты көзі қарақты адамдардың ғана қои алғаны анық. Егер Абайдың ғақлия сөздері 1909 жылғы жинаққа енсе (Кәкітайдың сөзінше оған қолдағы қаржы жетпей қалған), Ахаң сол кездерде таныс болса... Онда «қазақтың бас ақыны» деген әйгілі бағасына «һәм бас ойшылы» я болмаса «ұстаз хакім» деген теңеу сөздерді қосары шүбәсіз еді. Бір сөзбен айтқанда, Абайдың ғақлиясы 1933 дылдан беріде ғана қалың қазаққа таралды. Бірақ... ол заманның сиқы баршаға аян. Абайдың қарасөздері кеңестік идеологияға сәйкес емес еді. Белсенді мемлекеттік атеистік насихат оған деген бұқара халықтың қызығушылығын мейлінше тежеп отырды. Әсіресе Құдай, иман, тағат ұғымдары «ескінің сарқыншағы» болып есептелді. Кеңестік идеологияаты әйгілі төрт көсемді (Маркс, Энгельс, Ленин, Сталин) ғана ұлықталды. Бұл жағдайда Абай – әлем ойының алыбы немесе адамзаттың ұстазы деу сау басына сақина тілеп алумен бір болды. Сондықтан да Абайдың тұңғыш «Толқ жинағын» құрастырушылар – М.Әуезов пен І.Жансүгіровтің ғақлия мұраны, әсіресе атеистік насихатқа кереғар, таза діни-философиялық трактат «Ғақлиат-тасдиқатты» жариялау туралы шешім қабылдауы азаматтық ерліктің үлгісі болды. Сол жолы қарасөздер Абайдың өзі қойған рет санымен емес, мүлде басқаша нөмірленіп кете барды. Оған көз жеткізу үшін қарасөздердің түпкі (Мүрсейіт көшірмелері бойынша) және қазіргі рет сандарын келтіре отыралық. Соңғылар жақша ішінде көрсетіледі. Абайдың өз таңбалауы бойынша 1-сөз (қазіргі жинақтарда 3-сөз), Абайша 2-сөз (қазіргіше 4-сөз), 3-сөз (5-сөз), 4-сөз (6-сөз), 5-сөз (7-сөз), 6-сөз (13-сөз), 7-сөз (12-сөз), 8-сөз (14-сөз), 9-сөз (9-сөз), 10-сөз (20-сөз), 11-сөз (15-сөз), 12-сөз (21-сөз), 13-сөз (16-сөз), 14-сөз (28-сөз), 15-сөз (17-сөз), 16-сөз (22-сөз), 17-сөз (23-сөз), 18-сөз (29-сөз), 19-сөз (19-сөз), 20-сөз (31-сөз), 21-сөз (32-сөз), 22-сөз (18-сөз), 23-сөз (1-сөз), 24-сөз (10-сөз), 25-сөз (24-сөз), 26-сөз (39-сөз), 27-сөз (2-сөз), 28-сөз (25-сөз), 29-сөз (30-сөз), 30-сөз (11-сөз), 31-сөз (34-сөз), 32-сөз (35-сөз), 33-сөз (8-сөз), 34-сөз (33-сөз), 35-сөз (40-сөз), 36-сөз (26-сөз), 37-сөз (41-сөз), 38-сөз (42-сөз), 39-сөз (36-сөз), 40-сөз (43-сөз), 41-сөз (44-сөз). Бақсақ, «Ғақлия» кітаптағы 41 сөздің екеуі ғана (9 және 19) ғана төл рет санын сақтап қалған екен, өзгелері түгелдей ауысып кеткен. Ерте ме, кеш пе Абайдың өзі белгілеген реттілікті қалпына келтіруге тура келеді. Негізі, бұл кезек күттірмейтін мәселе. Неге десеңіз, бүгінгі күнге ғақлия мұа өзінің табиғи кейпінде емес, желісіз, жүйесіз түрде жетіп отыр. Демек, Абайдың ой ізіне түсіп, ойшылдық эволюциясын зерделеу де қиынға соғады. Енді кітап «Ғақлияның» жазылу мерзімін анықтап көрелік. Уәсилә Мағауияқызы (1890-1954) Абайдың бір жасқа толмай-ақ асырап алып, бәйбішесі Ділдәнің бауырына салған немересі. Абайды Уәсиләнің «әке» дейтіні сол. «Әкем өлгенде мен 13 жаста едім, - дейді Уәсилә естелігінде. - ...Әкем балаларды жеті жасынан сегізге шығарында оқуға беретін, еркек балаларымен қабат қыздарын да оқытатын. Мен де сегіз жасқа шығарымда оқыдым. ...Әлі есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді. Әкем молдаға қарап, балаларға мына бір кітапты әкелдім. Бүгіннен бастап осы кітапты оқыт деді. ...Кейіннен байқасам, сол кітап әкемнің «Ғақлия» атты қарасөзбен жазылған кітабы екен». Уәсиләнің сөзінен Абайдың «Ғақлия» атты тұңғыш қолжазба кітабы 1897 жылдың жазында аяқталғанын аңдаймыз. Неге десеңіз, Уәсилә 1890 жылы туған. Яғни «сегіз жасқа шығарымда» деуімен 1897 жылды көрсеткені сөзсіз. Кітаптың соңғы нүктесі осы жылы қойылғанына Мұхаңның мынадай дерегі де сәулесін түсіреді: «Тек 1896 жылы ғана Мағауия, Кәкітай, Көкбайлардың айтуы бойынша, осы жылдан бастап, Абай барлық шығармаларын жинастырып көшіруге ұйғарады. ...Кейінгі мүрсейіт бастаған көпшілік 1896 жылдан бері қарай көшіретін болды». Кәне, 1896 жылы Абай «барлық шығармаларын жинауға» неліктен ұйғарды? Бұл факті бізге ойшыл «Ғақлия» кітабын толық аяқтап болмаса да, еңсерген жайын паш етеді деген ойдамыз. Сонымен, қолда бар дерек-дәйектер Абай «Ғақлия» кітабын 1891 жылы бастап, 1897 жылы толық аяқтап шыққан деп тұжыруға мүмкіндік береді. Бұл пайымды М.Әуезовтің пікірімен салыстыра отырып, тексерелік: «1890 жфлдардан бастап... Абай өлеңді аз жазса да «қарасөзбен» айтатын өсиетті көп жазады. «Ғақлия деген өсеттері сол 1890 жыл мен 1898 жылдардың арасында жазылған». 1891 емес, 1890 жыл аталған екен. Неге? осы жылы Абай алғашқы мақаласы «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» атты тарихи зерттеуін аяқтаған болатын. мұхаң, сірә да, кейде «46 қарасөз» делінетін осы еңбекті ескеріп отыр. Ал 1898 жыл туралы әңгіме бөлек. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |