00:12
Абай тағылымы

ДАНЫШПАН АҚЫН

Абай өмір сүрген дәуір Ресей отаршылдығының салдарынан қазақ даласындағы әлеуметтік, саяси өмірдің барынша асқынған кезі еді. «Сұм өмір абақты ғой саналыға» (Мағжан). Жат жұрттық билеушілердің, солардың қолшоқпарларының өз мүдделірен орай, «бөліп ал да билей бер» ұстанымымен саясат жүргізуі ел ішінің топалаңын шығарып жатты. Ашынған Абай:

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

Бетбергенде шырайың сондай жақсы,

Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,

Аузымен орақ орған өңкей қыртың.

Өзімдікі дей алмай өз малыңды,

Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың.

Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,

Бір күн тыртың етеді, бір күн бұртың.

Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқян?

Өздеріңді түзелер дей алмаймын,

Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.

Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,

Оның да алған жоқ па Құдай құлқын?

Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,

Сапырылды байлығың, баққан жылқың.

Баста ми, қолда малға «тала қылған»,

Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.

Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,

Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың?

Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың,

Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың.

Ұғындырар кісіге кез келгенде,

Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?»

(Абай Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 1-том. – Алматы: Ғылым, 1977. – 50-бет) – деп ашына жыр жазды.

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» секілді «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман», «Байлар жүр жиған малын қорғалатып», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да», «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Базарға қарап тұрсам, әркім барар», «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай, мақтанба», «Сорлы Көкбай жылайды», «Жамантайдың баласы Көжек деген», «Бөтен елде бар болса», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай», «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың», «Сегіз аяқ», «Сәулең болса кеудеңде», «Көкбайға», «Күлембайға», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Ішім өлген, сыртым сау», «Біреуден біреу артылса», «Бай сейілді», «Ем таба алмай», «Заманақыр жастары», «Көзінен басқа ойы жоқ», «Бойы бұлғаң», «Антпенен тарайды», «Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын», «Қарашада өмір тұр», «Жасөспірім замандас қапа қылды», «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?», «Күшік асырап, ит еттім» «Жүрегім, нені сезесің», «Болды да партия», «Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?», «Жүрегім менің қырық жамау» т.б. өлеңдерінде сол кездегі қоғам өміріндегі әлеуметтік келеңсіздіктерді барынша сынға алады.

Тіпті кейбір кездерінде:

Көк тұман – алдыңдағы келер заман,

Үмітті сәуле етіп, көз көп қадалған.

Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр,

Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім талған, -

деп, бұл өмірден баз кешіп, түңіліп кеткендей де сыңайлы. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 5 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: