21:42 Абай тағылымы | |
АБАЙДЫҢ ТАНЫЛУЫ М.Жұмабаев: «Қазақ әдебиетінің алыбы Абай – қазақ даласына кеулеп кіріп келе жатқан капитализмге, отаршылдыққа халықтың қанды жас төгіп, еріксіз шалған бірінші құрбаны. Ел билеп, елге ақыл айтудан бастап, өмірден үміт үзуге, тұңғиық ойға барып тірелген Абайдың өмірінің ақындық трагедиясы да тереңдігі осындай. Абайдың алыптығы – қыл көпірдің үстінде тұрғандығы, екі қолмен, екі үмітпен алысқандығы, сондықтан қазақ әдебиетінің ескі мағынасын, бұрынғы бағытын тереңдеткендігі, әдебиетке жаңа түр кіргізгендігі». «Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес, Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес. Қарадан хакім болған сендей жанның Әлемнің құлағынан әні кетпес... Сұм дүние сылаң беріп, ертең өтер, Сау қалғанның көбісі ертең бітер. Тоқтамас дүниенің дөңгелегі, Шешеннің айтқан сөзі көпке кетер». С.Сейфуллин: «Сөйтіп, қазақтың атақты аты шулы ақыны Абай 1904 жылы алпыс жасында дүниеден қайтты. Қазақ әдебиетіне ұлы қазына дерлік мұра қалдырды. Осы мұраны Ленинше ұғып, пайдамызға асыру – біздің әдебиетіміздің міндеті... Қазақ тілінің барлық байлығын, барлық тұлғасын Абай шығармалары толық көрсете алады. Сондықан да Абай шығармаларының мәні зор. Онан қазақ тілін сұлулар, көркем нақыштап, әдемі кестелеп, әсерлі жыр, сұлу күйлі өлең қылып шығару ретінде де Абай үлгі болатын үздіксіз шебер ақын екендігі белгілі. Бұл ретте Абай сөздерінің мәні зор». І:Жансүгіров: «Абайдың ақындық ауданы кең. Ол ақындық өнерінің бір-ақ түрлі саласын қуып отырған емес... Абай – бұлардың үстіне толғаушы (лирик) ақын, Абайдың қаындығын көрсететін тәтті өлеңдері осында... Абай – шебер суретші. Өлеңімен Абай салған суреттер мінсіз, көрікті, тұрманы түгел келеді... Абай қазақтың ұлт өнерін ғана өнер деп таныды. Оны арабшаның ала шұбарынан, басқаның шәлдірегінен аршып алды... Өлеңді өнер деп бағалаған Абай – қазақ ұғымындағы сөздің сабазы. Тілге абай құйған нәр көп... Абайдың ақындық қуаты, тілге шеберлігі – оның сөзінің арасына қыл сыймайтындығы... Абайдың жыры ырғақ, музыка, дыбыс құрылысы жағынан төгіліп кетеді... Бұл Абайдың тілінің тазалығы, ақындығының кұштілігі деп білу керек. Абай өлеңінің іші алтын болса, сыртының күміс болуына қатты күзет істейді...». М.Әуезов: «Болашақ ақынның туыстан ала келген қалпы бар. ата салтымен қалыптанған өмірі бар. ата-бабадан, әке-шешеден нәсіліне көшкен мінездері бар...» баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
