09:32 Абай тағылымы | |
АБАЙТАНУДЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК СОЛАҚАЙЛЫҚТАР Ы.Мұстамбаев абайдың ақындық тағдырына осындай қауіп төніп тұрғанда, оны қорғау үшін барын салды. Ыдырыстың Абай туралы пікірлерінің жиынтығы ретінде «Абай» атты көлемді мақаласы «Жаңа әдебиет» журналында (1928, №7-8) жарық көрді. «Әдебиет айтыстарымыздағы негізгі мәселенің бірі – ескіні тексеру», - деп бастаған Ыдырыс бірден оған «Жаңа ескіден құралады. Ескіні құрастырып, қоырытп «кәрі» тарих жаңа шығарады», - деп жауап береді. «Абайдың құлағын қаншама шулатсақ та, оың кім екенін, артық-кем жері қайсы, пайдалысы қандай» – осы мәселелер төңірегінде әңгіме қозғайды. «Әрине, бұл күнде Марксті, Плехановты, Ленинді түн ұқйсында, абай заманындағы Құранның орнына, басына жастап жатып жүрген жастар Абайдың сөзіне тоймайды, онан іздегенін таба алмайды», - дегенінде ұраншыл заманның ащы шындығы жатыр. Ыдырыс Абайдың өлеңдерін талдай келіп, «Әрине, Абайды түгелімен бүгінгі салт-сана ыңғайымен тексерсең, Абай артта қалды. Бірақ «шу дегенде, құлағың тосаңсиды, өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей», - деп ақынның өзі айтқандай, заманына, ортасына Абайдың өлеңдерінің бәрі – бұрын көрмеген, естімеген таңсыз сөз, жылтыраған маржандай көрнекті зат. Қазақтың көбі-ақ өлең жазады. Абай секілді өлеңшілер қазақ ішінде бұрын да көп болған деушілер де бар. бұған біз нана алмадық. Рас, өлеңшілер қазақ ішінде бұрын да болған, бірақ дәл Абайдай ақын таба алмайсың. Абайды және де жабайы қараөлеңшілерге тағы қоса алмайсың. Абайдың ақындық беті тым күшті», - деген негізгі ойларын білдірген. Абайдың ақындық шеберлігін талдағанда, махаббат, табиғат лирикасын, «аттың сыны», «Желсіз түнде жарық ай», өлеңдерін жоғары бағалйды. Абайдың ең әдемі өлеңінің біі деп, «Көлеңке басын ұзартыпты» атайды. Ыдырыс әсіресе Абайдың тіл шеберлігін жоғары қойған. «Ал тіл жағына келсек, Абай – өте шебер. Өлеңдерінің көбі жабайы тілмен келіп, жеңіл оқылады. Тағы сол жабайы тілмен отырып орайтын мағынасы тым үлкен, қозғайтын сезімдері аса нәзік болады. Өлеңдерінің ішінде хат танымайтын қара қазақтар түсінбейтін сөздер, орамдар жоқ. Тек анда-санда бірер жерлерде орысша не бір бөтен басқа тілдер кезедседі». Автордың жабайы тіл дегені сол кездің ыңғайымен айтылып отырған сөз сияқты. Абайды ақсүйек, феодал деп, халыққа жат санап келгендер ақынды ақтап, қарапайым халыққа жақындата түсу мақсатымен әдейі айтып отырғандай. Қоғам, мемлекет қайраткері Ы.Мұстамбаев сол кездегі саясаттың ыңғайымен Абайдың халық тілімен жазғандығын баса айтып отыр. Мақалада Абайдың орыс әдебиетімен байланысына Пушкиннен, Лермонтовтан, крыловтан, Гогольден, Салытков-Щедриннен үйреніп, олардан аударма жасағанына едәуір орын берілген. Ыдырыс Абайды аударманың қас шебері деп біледі. Лермонтовтан аударғандарын талдай келе: «Бұл переводтар Лермонтовтың өз өлеңдерінен не мағына жағынан, не сурет жағынан, не тіл жағынан бір де кем емес», - деп бағалаған. Ыдырыс мақаласын «Біз Абайды өзінің саяси жолына жалау қылатындарға да қарсымыз... Біз екі ортада ептік, бұқпантайлық жасап, Абайды реті келсе мақтап, болмаса боқтап жүргендерге де қарсымыз... Абайдың сөздері, өлеңдері – зор мағыналы тарихи оқиға. Абай – заманына қарай сөзсіз ірі ақын. Абайдың кемшілігі де көп, бірақ оның заманын да, ортасын да еске алу керек. Заманына қарай, бұл күнгі еңбекші елдің жұртшылығы Абайды өзіне лайықты орнымен қадірлеу керек», - деген жүрекжарды жолдармен аяқтаған. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
