09:52 Абай тағылымы | |
АБАЙТАНУДЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК СОЛАҚАЙЛЫҚТАР Ә.Сағди Абайдың ақындығы туралы төмендегідей қорытындыларға келген: 1) Абай жиырма жылдық әдеби өмірінің басында «күштілік көрсетті», «соңғы жартысында әлсізденеді». 2) Өмірінің әуелгі жартысында оның өлеңдерінде табиғат пен тұрмыс мәселелері жырланса, соңына қарай діншілдік сипат алып, «идеализм деген пәлсапа жолына бұрып тұйықтайды». 3) абай кітабында берілген суретінде қандай болса, «өлеңдерінде де сондай көрінеді». «Абайдың маңдайында ойшылдық пен толқындаушылық бірлеседі. Бірақ кейіннен ойшылдық жеңіп кетеді». 4) «Абай өлеңдері халықшылдық, қазақшылдық рухымен шығарылған. 5) «Абай өлеңдерінде (әсіресе әдеби өмірінің соңғы жылында) шындық (реальность) күшті, хатта діни мәселелерге де шын ынтасымен қарайды». 6) Абай сопылық жолға түспеген. «Жалғыз-ақ Абайдың кемшілігі – өмірі ақтығында бінге берілгендігі». 7) Абайдың кейбір өлеңдерінде пікір қайшылықтары да кзедеседі. 8) Абайдың ешбір әдебиетке, адамға еліктегені білінбейді (Қараңыз: «Абай», 1993, №6). «Абайдың тілі һәм өлшеулері» атты шағын тарауда ақынның тіл кестесі әңгіме болған. «Абай тілінің кеңдігін, өткірлігін қазақ тілінің кеңдігі, өткірлігі деп қарау керек. Бұл тілдің байлығы, әдемілігі Абай өлеңдері арқылы ашық көрінеді», - деп, ақынның тіл көркемдігін аса жоғары бағалайды. Ә.Сағдидің «Абай» атты мақаласы ұлы ақынның поэзиясын ғылыми тұрғыдан танып білуге жасалған алғашқы қадамдардың бірі еді. Мақала кеңес өкіметі орнағаннан кейін жазылғанымен де, прокульттік көзқарас әлі беки қоймағандықтан да болу керек, абайдың ақындығын талдап, бағалаған тұстарда таптық принциптің салқыны сезілмейді. Бай-кедей, үстем тап, қанаушы, қанаушы тап деген сияқты кейінірек саяси-әдеби терминге, сәнге айналған сөздер кездеспейді. Мақала Абайдың шығармашылығын саяси-идеологиялық тұрғыдан емес, объективті-ғылыми саралау жасау арқылы талдауымен құнды. 1922 жылы басылған Абайдың өлеңдер жинағына пікірлер көріне бастады. Соның бірі І.Жансүгіровтің «Абай кітабы» атты Ташкент басылымына жазылған рецензиясы («Тілші», 8.V.1923). Рецензияда Абай өлеңдерінің мәтіні, яғни соңғы басылымда кеткен жаңсақтықтар әңгіме болған. Баспадан кеткен әріп, емле қателерін айтпағанда, сөздердің дұрыс берілмеген 21 фактісін нақтылы мысалдармен көрсетеді. Абай өлеңдерін толықтырып, басып шығу мәселесін көтереді. Бұл жерде ақын Ілиястың ақын Абайдың өлеңдерін жақсы білетіндігі көрінеді. Рецензияда Абайдың ақындығы, өлеңдері талданылып, бағаланбайды. Тек бір ғана жерде «Абайдан күні бұрын қорқып, Құдайға миынған сыншысы салпаң құлақ Сәбит Абайды «жуан жұдырық» деп, қара тақтай ұстап, бақырып отыр. Демеймін мені мақтасын. Я жақсын, я жақпасын. Сөйтсе де сондай сыншыдан, Құдайым мені сақтасын. (Абай) «Бірақ Қазақстанның жалпақ еңбекшілері кімнің қораз, кімнің бұлбұл екенін айырар, бір өсектің бетімен кетпес», - деп жібереді. Бұл пікір С.Мұқановтың атақты «Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер» атты мақаласындағы Абай туралы айтқан теріс ойларына қарсылық болатын. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
