00:11 Абай тағылымы | |
АБАЙТАНУДЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК СОЛАҚАЙЛЫҚТАР Төңкерістен кейінгі жылдардағы қазақ әдеби сынындағы негізгі тақырыптардың бірі әдеби мұра болды. Өйткені билік басына келген большевиктердің пролеткульт теориясы марксизм-ленинизм ілімінің таптық принципін басшылыққа алды да, әдеби дамудың дәстүрлі сабақтастығын, жалғастығын жоққа шығарып, өткендегінің бәрін ескі, бізге керегі жоқ деп жариялады. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жасаған, тірнектеп жүріп жинаған әдеби мұрасының барлығы ескірген, көнерген, ал жаңа заманның жаңа ұрпағы өз әдебиетін жаңадан жасауы керек делініп, басты міндет ретінде алға қойылды. Басқасын былай қойғанның өзінде ұлы Абайдың өзі феодализм ақыны деп танылды. Абайтанудың алғашқы қазығын Әлихан Бөкейханов Абайдың көзі тірі кезінде-ақ қақты. Осы кезде Санкт-Петербургте шығып тұрған «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» деген ортақ атпен энциклопедиялық сипаттағы еңбектердің редакциялық құрамындағы Ә.Бөкейханов белсенді авторларының бірі болды. Осы басылымның «Киргизский край» (1903) аталған он сегізінші томы Қазақстанға арналып, оның ішінде ұлттық әдебиетің көрнекті өкілі ретінде Абайдың аты аталып, шығармашылығынан хабардар етті. Абай қайтыс болғаннан кейін Ә.Бөкейхановтың «Семипалатинский листоктің» үш нөмірінде (№250-252, 1905 жылы) көлемді қазанамасы жарық көрді. Онда ақынның шығармашылығын жоғары бағалаған мынадай жолдар жазылған: «Абай, как покажут его стихи, представлял недюжинную поэтическую силу и составляет гордость киргизского народа. Еще не было киргизского поэта, так возвисившего духовное творчество народа, как Абай. Чудные его стихи, посвященные четырем временам года (весна, лето, осень и зима) сделали бы честь знаменитым поэтам Европы». Әлиханның бас болуымен 1909 жылы Абай өлеңдерінің жеке кітап болып басылып шығуы қазақтың рухани өміріндегі тарихи оқиғаға айналды. Қ.Ысқақұлының, А.Байтұрсынұылының, М.Дулатұлының парасатты пайымдауларынан кейін Абай қазақ әдебиетіндегі өзіне лайықты орнын ала бастаған болатын. Ақында Абайды жырға қосты. М.Жұмабаев 1912 жылдың өзінде-ақ «Алтын хакім Абайға» деп жыр жырлады. Шын хакім, асыл сөзің баға жетпес, Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі етпес. Қарадан хакім болған сендей жанның Әлемнің құлағынан әні кетпес!.. Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме: «Қор болды қайран сөзім босқа!» деме. Артында қазақтың жас балалары мен Сөзіңді көсем қылып жүрер жеңге! (Мағжан Жұмабаев. – А., 1989. – 22-бет) Құмар боп қайта-қайта анықтайсың, Бойды ерітіп, буынды алып мағынасы Тұрғанда, оған неғып қамықпайсың. Сөзі рас, таза, сөзі ақыл, Көңілге бір жері жоқ жабыспайтын. Қазақта мұнан артық сөз шыққан жоқ, Бағалап мынау не деп, пар ұстайтын – деп толғанады Уақ (бүркеншік ат) ақын «Қазақта» (1914, 23 маусым) асылған «Абай кітабын оқығанда» аты өлеңінде. Сәбит Дөнентаев 1918 жылы: Қараңғыда туып ең, Қара бетті жуып ең, Таба қылмай дұшпанға. Қолға ұстаған туымыз, Қанат-құйрық, бойымыз, Қонғанда да, ұшқанда. Құрмет етіп затыңды, Бетке ұстаймыз атыңды. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
