09:10 Абай тағылымы | |
АБАЙДЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ Ел ішінде абыройы асып, көзге түскен Абай бірнеше рет болыс, би сайлауына қатысып, осы ресми қызметте барлығы – 18 жыл: оның ішінде 12 жыл болыс, 6 жыл би болады. * * * Медреседе оқып жүргенде, Шығыс әдебиетіне құмартқан Абайдың ендігі ұстазы халық, оның рухани қазынасы, әдебиеті болды. * * * Шортанбай, Бұқар, Марабай, Дулат, Шөже сияқты жыраулардың өлеңдерін жастайынан тыңдап, жаттап өсті. * * * Абай ел билеу, қоғамдық-әлеуметтік жұмыстарға қажеттілігінен отыз жасында-ақ орыс тілін еркін меңгеріп алады. * * * 1875-1878 жылдары Қоңыркөкше еліне болыс болып сайланып, ел билеу ісінде барынша әділдікке ұмтылады. * * * Саяси көзқарастары үшін Қазақстанға жер ауып келген Михаэлис, Гросс, Долгополов секілді орыс демократтарымен танысады. * * * Абай досы Е.П.Михаэлистің ұсынысымен 1886 жылы Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланады. * * * Өз бетімен ізденіп, орыстың А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, А.Н.Некрасов, Л.Н.Толстой, И.С.Тургенев, М.Е.Салтыков-Щедрин, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский, В.Писарев, Еуропаның Гете, Байрон, Спенсер, Спиноза, Луис, Дарвин, Дрепер т.б. секілді ақын, білімпаздарының ебңектерімен танысады. * * * Абайдың жарық көрген алғашқы өлеңі – «Жаз». Ол «Семей оязы Шығыс елінің қазағы ибраһим Құнанбай ауылының Бақанас өзенінде Көпбейіт деген жерге қонып жатқандағы түрі» деген атпен, «Кісіден үйреніп жаздым» деген Көкбай Жанатайұлының қолымен «Дала уалаятының газетінде» (1889, №5) жарияланған. * * * «Күлембайға» атты өлеңі авторы көрсетілмей, «1888 жылда мамыр айында Ақшатау деген жерде Семей облысы менен Жетісу облысының чрезвычайный съезі болғанда, бір уездің ел билеушілерінің съездегі түрі» деген атпен осы газетті (1886, №12) жарық көрген. * * * Абайдың өлеңдері алғаш рет «Дала уалаятының газетінде» жарияланса, ол туралы тұңғыш пікір де осы газетте айтылды. Осында жарық көрген Мәшһүр Жүсіптің (1889, №48), Әлихан Бөкейхановтың (1889, №24) мақалаларында ақынның өлеңдерін жариялауды көтерді. * * * 1889 жылдан өмірінің соңына дейін бірыңғай кітап оқу, өлең жазу жұмыстарымен айналысады. * * * Абай үш некелі: алғашқы әйелі Ділдадан – Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия деген балалары, Күлбадан атты қызы, ал екінші әйелі Әйгерімнен Тұрағұл (Тұраш), Мекайыл, ізқайыл деген ұлдары, Кенже атты қызы болған; Еркежан бала көтермеген. * * * Ақын 18914 жылы өзінің ең жақсы көретін інісі Оспаннан айырылады. * * * 1895 жылы тұңғыш ұлы Әбдірахман өмірден өтті. * * * Ұлы Мағауия 1904 жылы қыс бойы ауырып, төсек тартып жатып, жазда қайтыс болады. * * * Мағауияның қазасынан қырық күн өткенде, 1904 жылы 24 маусым күні алпысқа қараған жасында Абай да бақилыққа аттанады. * * * Абайдың «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» атты өлеңі ақынның әбден кемеліне келген кезде өзімен-өзі отырып, сырласқандай, ойласқандай болып, өз өміріне берген бағасы, өмірлік кредосы іспеттес. Бір сөзбен айтқанда, ішкі жан дүниесін ашып тастап, жайып салған, ақындық тілмен өрнектелген автопортреті секілді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
