09:08 Абай тағылымы | |
АБАЙДЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы тамыз айының 10-ы күні абай облысы Абай ауданының Шыңғыстауында өмірге келген. * * * Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы кезінде Қарқаралы дуанының аға сұлтаны, жасы келе биліктен, дүние дауларынан бойын аулақ ұстап, дін жолына түскен, жетпіс жасында Меккеге барып, қажы атанып, Қарқаралы қаласында мешіт салдырған. * * * Поляк саяхатшысы Адольф Янушкевич Құнанбай туралы былай деп жазады: «Есте сақтауы тамаша, сөзге шешен, табиғаттан парасатты туған Құнанбай – қарапайым қазақтың баласы. Дала правосының үлкен білімдары, қара қылды қақ жаратын қазы, тақуа Құнанбай – өз ағайындарының қамын жейтін іскер адам. Ол – пайғамбардың даңқына ие. Оған ең алыстағы ауылдардан жастар мен кәрілер, кембағалдар мен дәулеттілер зиярат етіседі». * * * Арғы аталары Ырғызбай, Кеңгірбайлар арғынның ішіндегі аз ата тобықтыдан шыққан ел ағасы, болыс, сөз бастап, дауды шешкен би, қиын кездерде қол бастаған қолбасы, батыр, өңірге аты шығып, кеңінен танымал, қадірлі азаматтар болған. * * * Абай «Атадан – алтау, анадан – төртеу»: Құнанбайдың бәйбішесі Күнкеден – Құдайберді; екінші әйелі Ұлжаннан – Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан; үшінші әйелі Айғыздан – Қалиолла, Ысмағұл,. Төртінші әйелі Нұрғанымнан бала болмаған. * * * Анасы Ұлжан арғынның қаракесегінің шешендікке, әзіл-қалжыңға, күлдіргі әңгімелереге ұсталар көбірек шыққан бертіс (бошан) руынан. * * * Болашақ ақын сабырлы қалпымен көзге түсіп, кеңпейілімен ел анасы атанған әжесі Зеренің тағылымды әңгімелерін, аңыз-ертегілерін естіп: мінезі жайлы, көптің құрметіне бөленген анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. * * * Абай сауатын ауыл молдасы Ғабитханнан ашып, мұсылманша хат таниды. * * * Он үш жасында Семейдегі Ахмед Ризаның медресесіне түсіп, төрт жыл оқиды. * * * Абай медреседе оқып жүріп, Науаи, Сағди, Сайқали, Физули, Фирдоуси, Хафиз секілді түркі, парсы әдебиеті классиктерінің шығармаларын оқып, танысады. * * * Семейдегі оқуының төртінші жылында осындағы орысша оқытатын «Приходская школаға» да қатар түсіп, мұнда бар-жоғы үш-ақ ай оқиды. * * * Абай он үш жасқа толғанда, әкесі Құнанбай оқудағы баласын қасына алдырып, ел билеу ісіне баули бастайды. Оқуын бітірмей, жастай қайнап жатқан әлеуметтік қайшылықтарға толы қоғамдық өмірге қойып кеткен Абай өмірдің ыстық-суығын ерте көріп, ысыла түседі. * * * Әкесімен бірге ел ішіндегі түрлі дау-дамайларды шешуге қатыса жүріп, билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді; ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
