00:08
Абай әлемі

«ҚЫРАН БҮРКІТ НЕ АЛМАЙДЫ САЛСА БАПТАП?..»

Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. 14 жол. Ақынның көтерген тақырыбы – қосанжар өмір құбылысы. Алғашқысы – аңшылық. Ер жігіт қыран бүркіт баптаса, қалған жұрт аңға күйкентай мен қарға салмақ. Бабы келіскен қыранның қоян, түлкі түгілі қасқыр да алатыны анық. Алайда былайғы жұрт оған мән бермейді. Өйткені «қыран шықса қияға жібереді, олар да екі құсын екі жақтап». Қарға қарқылдап, қыранның арт жағынан қалмаса, күйкентай үстінде шықылықтайды. Қаоға мен күйкентай иелері қрыанға кедергі жасағандарына мәз, өз құстарын мақтап күпілдеседі. Абайдың бұл жерде айтқалы отырған негізгі ойы күллі қазақтың тірлігі өмірде осыған саятындығы, ортасынан озға азамат, ақын шығып жатса, оларға жасайтындары осындай кесірлік екендігі. Ақын «Басқа – сая, жанға – олжа дәнеме жоқ, Қайран ел осынымен жүр далақтап» деп қорытады ойын. 1886 жылы өндіре жазып, ақындық жолына алаңсыз түскен ақынның е ұстазы, ақылшысына айналып, үлкен өмірлік –өнрлік жинақтау жасай бастағанын байқаймыз. Осындай көркемдік кенеуімен, кемелді ойымен өрелі өлеңнің құрылымы да келісті. Өлеңнің алғашқы екі жолы өзара ұйқасып, егіздік байқатқан, алайда ары қарай еркін ұйқаспен кестеленген. Мазмұн-мағына жағынан да, пішім, ырғақтық жағынан да ешқандай жік білінбейді. Өлең лағаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды.   

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 5 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: