09:22 Абай әлемі | |
«МЕНІҢ СЫРЫМ, ЖІГІТТЕР, ЕМЕС ОҢАЙ...» Абайдың 1897 жылы М.Ю.Лермонтовтың «Я не хочу, чтоб свет узнал» атты өлеңінен аудармасы. Туынды екі ақында да 16 жол. Аударма түпнұсқаға мағынасы жағынан өте жақын. Өлеңнің идеялық мазмұны қазақ ақынына жақын, өте түсінікті еді. Абай Лермонтов сияқты жалғыздық сезіміне бойын жеңдіріп, күйреуге салынбаған. Өзін «судан қайтпас», «үлкен жартас», «үлкен жан» деп сезінді, өзінің қандай қиыншылыққа болса да, «теңізден таудай толқын соқса-дағы» «бет бұрып» қайтпайтын күрескер екендігіне сенді. Осы ой-сезімін ол аудармада да шебер жеткізеді. Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланған. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
