21:39 Абай әлемі | |
«МЫНА ҮЙДЕ ОТЫР РАЗАҚ...» Абайдың 1896 жылы шығарған өлеңі. Көлемі 6 жол. Әубәкір аулында қонақта отырған Разақ дейтін жігітке арнап айтқан. Ақын ел қамын, халық мүддесін ойлайтын игі жақсылардың азайып кеткеніне налыс білдіреді. «Кәне, сол Разақтан сұрап көріңдерші, не айтар екен, кімді атар екен?» - дей келіп, өзі ортан қол ретінде Әуезді (Үлкен қожаны) атайды, басқалардың барлығын аты жоқ қол мен шынашаққа теңейді. Ақынның сөз арасында айтқан әңгімесінің өзінен оның толық адам туралы түбегейлі ойы көрініс берген. Өлең 8 буынды шалыс ұйқаспен шығарылған. Алғаш ақын шығармаларының 1933 жылғы жинағына енгізілді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
