18:01
Абай әлемі

«НЕ ІЗДЕЙСІҢ, КӨҢЛІМ, НЕ ІЗДЕЙСІҢ?...»

Абайдың 1892 жылы жазған өлеңі. 4 тармақты, 8 шумақтан тұрады. Ақын адам баласының шын мақтауға іңкәр көңіл-күйін, көптен алғыс алуды, елге жақсылық жасауды тіршілігінің мәні деп түсінетін гуманист жанның өз арымен сырласуын өлең өрнегіне түсірген. Мақтаудың өзі сатылып, «екі сөзді тәңірі атқандар» дөңгелекше шыр айналып, тарысы піскеннің тауығы болған заманда адам қадірін кім білмек. «Сатып алма, сөз сатса, Ол асылды аңдамас», «Мен – мақтанның құлы емес, Шын ақылға зорлық жоқ. Антұрған көп емес, Өлім барда қорлық жоқ» деп ақын ар алдындағы берік сертін, кісілік парасатын білдіреді. «өмір, дүние дегенің, Ағып жатқан су екен. Жақсы-жаман көргенің, Ойлай берсең, у екен» деген ақын түйінінің астарында көңіл көзі көреген, өзі емес өзгенің болашағын ойлаған адамның жүрегін өкініш уы өртеп, аққан судай өмірден опық жеумен өтетіні, ойлы адамның көңілі іздегенін таппақ емес деген ишара жатыр.

Ақынның бұл өлеңіне композитор М.Маңғытаев арнайы ән-романс шығарған.

Өлеңнің алғашқы шумағы 11 буынды, қалған шумақтары 7 буынды шалыс ұйқаспен жазылған. Алғаш 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: