18:27 Абай әлемі | |
«НҰРЛЫ АСПАНҒА ТЫРЫСЫП...» Абайдың 1899 жылы жазған өлеңі. Көлемі 20 жол. Философиялық толғау. Тіршілік атаулының күн нұрына ұмтылып, өсу, толысу, құлдырау, құру кезеңін бастан кешіретіні секілді, адам ғұмырының да алаңсыз гүлдеп-көктеп жайқалар шағын, еш пендені менсінбес кердең көңілдің, ақыл-парасат толыса дәні толған масақтай иілімпаз келетінін, алайда «әсте өлмесін білгендей қылық қылған «пенденің» өлмек үшін туғанын»: «Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ, Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ. Ертең өзің қайдасың, білемісің,өлмек үшін туғансың, ойла шырақ" деп еске салады. Тумақ бар жерде өлмек бар екенін сезген пенде, өзінен кейінгіге мұра боларлық іс қалдырғанда ғана ғұмырын ұзартпақ дегенді меңзейді. Өлең 11 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланған. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
