09:29 Абай әлемі | |
«ОЙ» (Қарасам, қайғыртар жұрт бұл заманғы...) М.Ю.Лермонтов өлеңінің 1895-1896 жылдар аралығында Абай аударған нұсқасы. Лермонтовта да, Абайда да 44 жол. Абай түпнұсқаның кейбір жолдарын өзгертіп, еркін аударған. Түпнұсқадағы «под берменем познанья и сомнения» деген сөздерді Абай: «Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ» деп тәржімәлаған. Әрине, бұл қазақ жағдайына үйлестіру мақсатынан туған. Білімге қол жетсе де, сол білімге сенімсіздікті, іске асыра алмайтын жігерсіздікті айту сол кездегі орыс қоғамына, дворяндарға қаратып айтуға лайық болса, ал сол замандағы қазақ жағдайында білім де жоқ, білімнің күшіне сеніп, қайрат ету де жоқ деу жанасымдырақ. Өлеңді қазақ өміріне жақындату үшін Абай кейде тіпті түпнұсқадан мүлде алшақтап, мал баққан елдің тұрмысына орайлас жайды қозғап, малқұмарлықты шенеп: «Мал үшін аш қатасың, жан сатасың Әкесі аштан өлген кісідей-ақ, Неткен жұрт мал өлтірген жеті атасын...» - дейді. Алайда түгелдей алғанда Абай Лермонтовтың өлеңіндегі көптеген өткір сын пікірлердің терең мәнін қазақша аудармада шебер жеткізеді, еркін, өзінше айтса да, әсерлі, ұтымды етіп айтады. Өлең 11 буынды қара өлең лгісінде жазылған. Алғаш 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланған. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
