09:11
Абай әлемі

«ОЙҒА ТҮСТІМ ТОЛҒАНДЫМ...»

Абайдың кейін табылған өлеңі. Әрқайсысы 8 тармақты 4 шумақтан тұрады. Туынды ақынның өзі өмір сүрген дәуір сырына терең үңіліп, жүріп өткен жолына ойлана қараған кемелденген шағында туған. Халық мойнындағы қараңғылықтың қат-қабат қамыты, арқасындағы зілбатпан ауыр тұрмыстың жүгі, одан құтылар жолдың жоқтығы Абай өлеңінің негізгі арқауы болған. Ақын туған елін жан дүниесімен сүйгендіктен де сол азаптан құтқаратын сәулені іздейді. Ел арасындағы тартыс пен таластың шоғын үрлеп жүрген сол қоғамның «белсенді» мүшелерін аяусыз сынайды. Мінезіңнен де, атқарған қызметіңнен де халық сыйлар қасиет табылмайды. Білімідімін, пысықпын деп жанталасқаның жалқы басыңның қамы ғана. Сен соның жолыңда ар-ұяттан да айрылдың, адамдық парызыңды да ұмыттың, жүрегіңде тірі пенде сүйсінер тазалық жоқ деп олардың бар болмысын баян етеді. Көңіліңде ізгіліктің жылуы болса да өміріңе, іс-харекетіңе зер сала бір қарашы, тоқтау табар ма екенсің деп ой түйеді. Өлең 6,7,8 буынды жыр үлгісінде жазылған. Жұмағазы Кенжебаевтың айтуы бойынша, Бәткен деген жас ақын жазып алған. 1944 жылы Қ.Мұқаметханов Қазақ КСР ҒА-на тапсырған. Алғаш рет ақынның 1945 жылы жарық көрген толық жинағында жарияланды.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: