23:39
Абай әлемі

«ӨКІНІШТІ КӨП ӨМІР КЕТКЕН ӨТІП...»

Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 8 шумақтан тұрады, көлемі 32 жол. Әлеуметтік-психологиялық лирика. Зерттеушілердің пікірінше, өлеңнің тууына 1884-1886 ж.ж. тобықты ішіндегі паритягершілік көріністер, алауыздықтар себеп болған. Лирикалық қаһарман өміріне шолу жасайды. Осы өмірдегі өзін, өзінің айналасын сынға алып, өкінішін білдіреді. Ойшылсып жүріп, құр мақтаншылыққа ұрынғанына, қызық қуып «ыржаң-қылжаң ит мінезге» тап болғанына, дос-жараңдықтың жәдігөйлік пен жалғандыққа ұласқанына күңіренеді. Сеніскен досының болмағанын, өмірінің көбі өкінішпен өтіп кеткенін, ақыры оны азып өлең қылғанын толғайды. Мақсатсыз бос бөсу, ойсыз, арсыз күлкі адал достыққа ақау түсірер, шын жолдастықты жоғалтар әзіл екенін айтады. өлең 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған. түпнұсқасы Мүрсейіт қолжазбаларынан (1907,1910) алынып, алғаш рет ақынның 1939 жылы жарық көрген толық жинағында жарияланды.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 6 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: