09:06 Абай әлемі | |
«ПАТША ҚҰДАЙ СЫЙЫНДЫМ...» Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Көлемі 20 жол. «Өзге алыс ел құмар болып, абайдың насихатын ұқса да, ұқпаса да құлақ қойып тыңдап отырғандарына қарағанда, қайта ең жақын, туысқан елі Тобықтының көбі айтқан сөзі, жазған өлеңімен ісі жоқ болып, өзіне жаулық ойлайтынына ыза болып жазып еді» дейді Кәкітай. Өлең ақынның жақыны жат болып, ағайыннан да, алыстан да жаулықты көп көрген кезінде әлеумет тіршілігіне, ел надандығына деген ызадан туған. «Жау жағадан алғанда» өмірге налып, бір құдайға сыйынуды медет тұтқан сияқты. Алтындай асыл қайран сөзінің «самарқаның бөзі» құрлы болмағанына, ақыл-кеңесін ел-жұртының құлаққа ілмегеніне реніш білдіреді, партияға бөлініп дау қуып, ағайын басына жаулық тілеп, өтірік арызға үйірсек болғандарға наразылық танытады. «Түспей кетер деймісің, Тәңірінің құрған тезіне?» деп, пәле іздеген «пысықтарға» да бір зауал болар деген қорытындыға келеді. Өлең 7 буынды аралас ұйқаспен жазылған. Түпнұсқасы мүрсейіт жазбаларынан алынып, алғаш рет 1905 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
