22:35 Абай әлемі | |
«РАХАТ, МЕНІ ТАСТАП ҚОЙМАДЫҢ ТЫНЫШ...» Абайдың 1895 жылы М.Ю.Лермонтовтан тәржімелеген өлеңі. Лермонтовта да, Абайда да 20 жол. Кейбір басылымдарда өлең Лермонтовтың «И скучно, и грустно» деген шығармасының аудармасы деп қате көрсетілген. Соңғы кезде мұның Лермонтовтың «Хоть давно изменила мне радость» деп басталатын шығармасының аудармасы екендігін академик З.Ахметов анықтады. Абай Лермонтовтың мәтінін өзгертпей мағынасын жолма-жол сақтап, дәлме-дәл етіп аударған. Өлеңнің 1-тармағы Абайда сәл басқаша «Рахат, мені тастап қоймадың тыныш» деп келеді. бірақ осы тармақ әрі қарай: «Ғашық жар, ағайын дос – бәрі алдағыш, Жастық құмар, үміттің нұры қайтып, Күңгірт тартты, бәрінің аяғы реніш», - деп жалғасқандықтан, түпнұсқаның мағынасы айтарлықтай өзгере қоймайды. Лермонтовтың өлеңіне негізгі арқау болған сарын – жалғыздығын, өмірден күткен үміті аяқталмағанын сезіну. Сонымен бірге өлеңнен біз талай алданса да, тағдырға басимейтін, именбейтін, қайғы келсе төзе білетін адамның бейнесін көреміз. Абай да өлеңдегі лирикалық қаһарманның осы қасиеттерін әсерлі, нанымды сипатайды. Ол өмірдің соққан дауыл сияқты тез өтіп кететініне әбден көзі жетсе де, жақсылқытан да әлі мүлде күдерін үзбеген. Абай өлеңдегі лирикалық қаһарманның осы қасиеттерін нанымды, әсерлі сипаттайды. Осы айтылғанды: «Алладан бәрі бір деп тосып тұрмын, Алғалы жақсылықты, я өлгелі», - деген түйінді ойды білдіретін сөздерден-ақ айқын аңғаруға болады. Шығарма 11 буынды қара өлең ұйқасы (-а, -а, -б, -а) өрнегімен кестеленген. Алғашқы рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланған. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
