23:20 Абай әлемі | |
«СҰЛУ АТТЫҢ КӨРКІ – ЖАЛ...» Абайдың 1896 жылы шығарған өлеңі. Тәлім-тәрбиеден жұрдай, бейбастақ баланың көргенсіздігін көрген сәтте табан астында айтуы да мүмкін. Көлемі әрқайсысы 4 тармақтан тұратын 2 шумақ. Мамай тобықтыға жататын Көжекбай деген кісінің Рахымшал есімді баласы аса тентек, аузының байлауы жоқ., былпыт болып өсіпті. Оның осы одағай мінезі балаларына жаман үлгі көрсетеді деп қауіптенген ақын Көжекбайға ат-көлік, сауын сиыр беріп, аулынан бөлек отырғызған. Абай үшін өмірдің бар қызығы да, көркі де, мағынасы да – бала. Тек сүйер ұлға ғана сүйсіну керек. Балаң бал болса ғана бала. Ал үлгі-өнегесіз бұзақы баланың болғанынан болмағаны көп артық. Ондай көргенсізден ақын біржолата күдер үзіп, «Б.йтіп берген балаңды, берген құдай, өзің ал!» деп бір-ақ кесіп тастайды. Бұл бейбастақ ұлға айтылған ақын үкімі, ата-ана, ел қарғысы. Өлең 7 буынды қара өлең ұйқасымен шығарылған. Алғаш рет ақынның 1933 жылғы жинағында жарияланды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |