01:28 Абай әлемі | |
«СҰМ ДҮНИЕ ТОНАП ЖАТЫР, ІСІҢ БАР МА?..» Абайдың 1898 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 3 шумақтан тұрады. Өмірдің қатал тауқыметін, алдамшы өкінішін, баянсыз өткіншілігін шұғыл қойылған сұрақтар түрінде көлденең тартады. Әрбір сұрақтың жауабы ерекше леппен айтылған ақын сөзінің өзінен туындап отыратын тәрізді. Әр шумақтың жеке тармақтарында ауыр ойдың зілі бар. Сонымен қатар «алды өмір, арты өкініші, алдамшы өмір», «Қай қызығы татиды қу өмірдің, Ет жүрексіз ерніңнің айтпа сөзін, Тілде сүйек, ерінде жиек бар ма?» л\деген сияқты салмақты жүу арқалаған қанатты сөз тіркестері, бейнелі ой орамдары мол ұшырайды. Өмір озып, күн өткен сайын адамға тіршілік өктемдігі бата береді. Соның ығына түсіп, ықпалына көніп, жалған сөйлеме, ұжданыңды алдама, аярлыққа барма дейді өлең лұғаты. Өлең 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған. Түпнұсқа Мүрсейіт қолжазбаларынан алынып, алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» аты жинақта жарияланды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |