11:10 Абай әлемі | |
«СҰРҒЫЛТ ТҰМАН ДЫМ БҮРКІП...» «Не осенний мелкий дождичек» деп басталатын орыс өлеңінің (сөзі А.А.Дельвигтікі, муз. М.И.Глинканікі) 1892 жылы Абай тәржімелеген туындысы. Көлемі 16 жол. Абай өлеңнің жалпы мағынасын ғана сақтап, өлеңді өте еркін аударған. Өлеңнің алғашқы: «Не осенний мелкий дождичек, Брызжет, брызжет сквозь туман, слезы горькие льет молодец, На свой бархатный кафтан...» - деген шумағын Абай: «Сұрғылт тұман дым бүркіп, Барқыт шекпенді сулайды, Жеңіменен көз сүртіп, Сұрланып жігіт жылайды», - деп тәржімелеген. Өлеңнің екінші шумағындағы: «Атаңды анаң азғырып, Тұрғызбаған бейішке, Алласы оны жазғырып, Әкелді бастап кейіске», - деген жолдарды Абай өз жанынан қосқан, орысша нұсқадан алшақ жатыр. Ал: «Әйелмісің, жылама, Тәуекел қыл құдаға! – Өлең айт, Үйге қайт!..» және де: «Әйелде ешбір опа жоқ, Бүгін – жалын, ертең – шоқ, - Белді бу, Бетті жу!..» - деген өлеңнің қайырмасы түрінде келетін тұстары мағынасы жағынан орысша түпнұсқаға сәйкес келеді. Өлең 6-7 буынды, 1-, 3-шумақтары шалыс ұйқас, 2-, 4-шумақтары егіз ұйқас үлгісінде жазылған. Алғашқы рет ақынның 1933 жылы жарық көрген жинағында жарияланған. Абай «Сұрғылт тұман дым бүркіп» өлеңіне ән шығарған. А.А.Дельвигтің сөзі де, м.И.Глинканың сузыкасы да, тың жаңа түрге айналып, қазақ даласына Абай әні болып кең тараған. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |