22:22 Абай әлемі | |
ТҮҢЛІКБАЙДЫҢ ҚАТЫНЫ АТЫҢ ШӘРІП... («Әбдірахманға Кәкітай атынан хат») Абайдың 1855-81 жылдар аралығында шығарған өлеңі. Көлемі 4 тармақты бір шумақ. Жас ақын өзін аралас өткір тілмен ауылдасы Түңлікбай дегеннің жеңіл жүрісті әйелі Шәріпті бір ауыз сөзбен сойып салады. Оны әр ит бір сарып кететін, жол бойындағы жалғыз түп шиге теңейді. Ақын жер бетіндегі жамандыққа, жәдігөйлікке деген бар жиеркінішін ірікпей, лақ еткізіп құя салған. Абайға тән тіл өткірлігі, тұжырымдылық айқын көрініп тұр. Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш рет ақын шығармаларының 1933 жылғы жинағында жарияланған. Ешқандай текстологиялық өзгеріске ұшырамаған. Өлең орыс тіліне аударылған. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |