11:43
Абай әлемі

НҰРҒАНЫМ

Нұрғаным Бердіқожақызы (т.ж.б. – 1911) – Құнанбайдың кіші әйелі. Абайдың баласы ақылбайды бауырына салып тәрбиелеген. Абай әкесі Құнанбай қазасынан кейін Ақылбайды бөлек шығарып, нұрғанымды өз қолына алған.

 

ҚУАНЫШБАЙ

Қуанышбай ақын (т.- ө.ж.б.) – айтыс ақыны. Тобықты руынан. Қуанышбай ақынның шығармашылық мұралары бізге толық сақталып жетпеген. Сөйтсе де, ел аузында сақталып қалған Найман елінің ақынымен айтысынан Қуанышбайдың рулық салт-сананы көбірек жырлағанын көреміз. Ол Тобықты елін, Құнанбайдың қажылығын, байлығын, күш-қуатын жырға қосып қана қоймай:

«Абайдың әр білімі елден асты,

Әр жерде-ақ сіздің елмен қарсыласты.

Имансыз ит болмасаң өзің куә,

Талай тантық Найманның көңілін басты.

Абайдан құтыларлық ебің бар ма,

Сендердің көмек болар кебің бар ма?!

Балқыбек, Бақанаста сьез болса,

Аттанған айып бермей күнің бар ма?!» -

деп, Абайдың білімділігі мен тапқыр шешендігін мақтан ете сөйлейді, ақынның тентекке тез боларлық қаталдығы мен әділдігін алға тартады.  

 

ЕСЕНБАЙ

Есенбай Шоқбайұлы (1850 – 1925) – Абай замандасы. Жасынан турашыл, әділ сынап, кемшілікті бетке айтатын шешен, Абай мектебінен нәр алған төкпе ақын болған кісі. Абайды аға тұтып, көзі тірісінде-ақданышпан санаған. Ақынды Семейге ұлықтар тергеуге шақыртқанда, арнайы іздеп келіп, өлеңмен сәлем берген:

«Ассалаумағалейкүм, Абай аға, арыстаным,

Ойда ұлық, қырда қыңыр алысқаның.

Қайда жүрсең аман жүр, данышпаным.

Сатқындар ұлықтармен жанасады,

Жанасып ақыл-ойдан адасады.

Құдай дана жаратқан, Абай аға,

Сізбенен қандай сұмырай таласады».

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 18 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: