23:54
Абай әлемі

АЖАР

Ажар (Соқыр Ажар) Жұртыбайқызы (1865 – ө.ж.б.) – ақын. Абаймен кездесіп, оны өзіне ұстаз тұтқан, өлеңдерін жаттап айтып, халық арасына таратушы, насихаттаушылардың бірі болған. Жеті жасында қорасан ауруына шалдығып, екі көзінен айрылған ол алғашында өз басының қайғысын өлеңге қосып, кейін белгілі әнші-ақын атанады. Оның Абай үлгісімен шығарған «Жұртыбайдың қызы едім, атым – Ажар» деген өлеңі би-болыстардың қарапайым халыққа көрсеткен озбырлықтарын әшкерелеуге арналған.

 

ТӘҢІРБЕРДІ

Тәңірберді (Тәкежан) Құнанбайұлы (1834 – 1906) – Құнанбайдың Ұлжаннан туған баласы. Абайдың ағасы. Тәңірбердінің Қаражаннан туған Әзімбай, Мақұлбай деген ұлдары болған. Тәңірберді Оспан өлгеннен кейін, оның әйелі Зейнепке үйленген. Құдасы Оразбай Аққұлыұлының азғыруымен талай рет Абайға қарсы кісілерді қолдаған. Ақшоқыда жерленген. Ақын «Байсып, паңсып...» деп басталатын өлеңінде өзінің туған ағасы осы Тәңірбердінің оғаш мінездерін, өркөкірек, қатыгез қылықтарын мейлінше өткір тілмен әжуа етеді. Оның өтірік, өсек десе бәйге атындай шапқылағанымен, қолынан түк келмейтін қуыс кеуде екеніне қатты ренішін білдіреді.

 

ЖАНҰЗАҚ

Жанұзақ (т.-ө.ж.б.) – Абайдың замандасы. Бөкенші-тобықты руынан. Дәулетті адам болған. Кейбір істің тетігін таба алмай, тұйыққа тірелген кезінде Абаймен ақылдасады екен. Ол бір жесір әйелді тоқалдыққа алмақ болып, 300 қой төлеуге келіседі де осы жағдайды Абайға айтады. Әйелдің жеңіл мінезді екендігінен хабардар ақын:

«Ей, Жанұзақ, құтты ма екен құсыңыз,

Сен Жанұзақ болғалы асып тұрған тұсыңыз.

Үш жүз қойға мастанып, бір жебірге кездестің,

Тез ойланып кел, құйрықты қысыңыз», -

деп, ойын өлеңмен бүкпесіз айтып, бұл некеге қарсылығын білдіреді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: