11:39 Абай әлемі | |
ДІЛДӘ Ділдә Алшынбайқызы (1843 – 1924) – абайдың бәйбішесі. Құнанбай мен Алшынбай Тіленшіұлы құда-жегжат болуға уағдаласып, 1860 ж. 15 жастағы Абай мен 17-дегі Ділдәні қосады. Әкесі Ақшоқыдан жер бөліп беріп, онда Абай сегіз бөлмелі қыстау салдырады. Ділдәдан Ақылбай, Хакімбай, Әбдірахман, Мағауия, Күлбадан, Райхан туған. Ділдә 1860-1923 ж.ж. Ақшоқыдағы қыстауда тұрады. Кеңес өкіметінің асыра сілтеуі тұсында 1923 ж. Ділдә ақшоқыдан көшіп кетуге мәжбүр болып, Абай мен Ділдә тұтынған дүние-мүліктің бірсыпырасы әлдекімдердің қолына кеткен. Абайдың өтінішімен 1880 ж. Тобықтыдан шыққан ағаш ұстасы, зергер-шебер Еспенбет жасаған зерлі ағаш төсек қана аман қалған. Оны 1939 ж. Абай ауылының адамы Нығыман Өтепбаев Жидебайдағы Абайдың музей-үйінің қорына тапсырған. Ділдә Аралтөбедегі Әйгерім басына тұрғызылған төрт құлақты тамға жерленген.
ОСПАН Оспан Құнанбайұлы (1852 – 1891) – Құнанбайдың Ұлжанна туған баласы. Абайдың өзіне тетелес інісі. Оспан ауыл молдасынан хат танып, сауатын ашқан. Зейнеп, Торымбала, Еркежан деген әйелдері болған. Өзінен бала болмай, Абайдың Әубәкір, Бәкизат деген ұлы мен қызын тәрбиелеп өсірген. Оспан ақ пейіл де жомарт, досына құшағы ашық, алған бетінен қайтпайтын қайсар, балуан тұлғалы, батыр мінезді кісі болған. Абайды ерекше құрмет тұтып, оның дұшпандарымен жағаласып өткен. Оспан туған жері Жидебайда қайтыс болды. Семейдегі Абайдың әдеби-мемориалдық музейінде Оспанның өмірі мен қоғамдық қызметі туралы деректер сақтаулы. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында Оспан бейнесі шынайы сомдалған. Абай Оспанға арнап: «Жайнаған туың жығылмай», «Кешегі Оспан», «Кешегі Оспан ағасы» атты өлеңдер жазған.
ДҮЙСЕН Дүйсен (т.-ө.ж.б.) – Жігітек руынан шыққан адам. Абайдың үстінен жалған арыз жазып, ақынды 8 жыл бойы сергелдеңге салған. Ол өзі ұрлық жасағанымен тұрмай, пәлеқор, ожар мінезді, ақылсыздау адам болған. Дүйсеннің жат мінездері М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында жақсы суреттеледі. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |