00:11
Абай ілімі

ОТЫЗЫНШЫ СӨЗ

(бұрынғыша отыз төртінші сөз)

АДАМ ӨЛЕТІНІН БІЛЕДІ,

АХИРЕТ БАР ДЕЙДІ,

БІРАҚ ШЫНАЙЫ ТЕКСЕРІП,

ЖҮРЕКПЕН СЕНБЕЙДІ.

Егер шын сенсе – уайым мен қулық болмас еді.

Адам балсының бәрі – бір-біріне қонақ.

Барлық адамның біршілігі де, өлімі де, ьағдыры да ортақ.

Сондықтан күндеу, көре алмау, қызғану, таласу –

ақылсыздық.

* * *

ДҮНИЕ МЕН АХИРЕТ ҚАТАР КЕЛСЕ,

КӨБІСІ ДҮНИЕНІ ТАҢДАЙДЫ.

Бұл – шынайы иман емес.

Екі нәрсе жүректе қатар тұрмайды.

Ахиретке сенемін дей тұра, дүниелік ләззат пен пайдға ұмтылса –

ол мұсылман емес.

* * *

АБАЙМЕН СҰХБАТ

Абай ата, өмір мен өлім, фәни мен бақи

Құдайшылық пен адамшылықтың

шындығы қайсы?

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.

«Мені» мен «менікінің» айырлғанын

«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз өалдырған?

Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей,

Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей.

Міні қайда екенін біле алмассың,

Терең ойдың телміріп соңына ермей.

Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас,

Екеуі тап бірдей боп орныға алмас.

Дүниеге ынтық, мәғшарға амалсыздың

Иманын түгел деуге аузым бармас.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 5 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: