17:55 Абай ілімі | |
АБАЙМЕН СҰХБАТ Абай ата, біз неге өзімізден жаманды тапсақ қуанамыз? Оның несі қуаныш? Неге рухани надандықтан құтылуды ойламаймыз? Өздерің де ойлаңдар, Неше түрлі жан барсың. Ғылым да жоқ, ми да жоқ, Даладағы аңдарсың. * * * Мен боламын демеңдер, Аяқты алшаң басқанға. Екі көзің аларып, Құр қарайсың аспанға. * * * Қызмет қылып мал таппай, Ғылым оқып ой таппай, Құр үйінде жатады. Ел қыдырып ас ішіп, Еркек арын сатады. Бала-шаға, ұрғашы Үйде жаурап жатады. * * * Қылып жүрген өнері: Харекеті – әрекет. Өзі оңбаған антұрған Кімге ойлайды берекет?
* * * ОН СЕГІЗІНШІ СӨЗ (бұрынғыша жиырма тоғызыншы сөз) ҚАЗАҚ МАҚАЛДАРЫ «Жарлы болсаң, арлы болма» Ардан кеткен соң, тірі болып жүргенін құрысын, Арлы адам біреуден тіленбей, адал еңбекпен мал іздемек. * * * «Қалауын тапса, қар жанады» «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» Ең барып тұрған Құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой. * * * «Атың шықпаса, жер өрте» Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? * * * «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды? * * * «Алтын көрсе, періште жолдан таяды» Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны. * * * «Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Осындай білместікпен айтылған сөздерден бек сақ болу керек. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
