21:41
Абай ілімі

АБАЙМЕН СҰХБАТ

Абай ата, жақсы көріп, құрметтеуге лайық тұлғалар

қазіргі қоғамда да жоқтың қасы. Неге бұлай?

Байлар да мал қызығын біле алмай жүр,

Жаз жіберіп, күз атын міне алмай жүр.

Сабылтып, күнде ұрлатып, із жоғалтып,

Ызаменен ыржиып күле алмай жүр.

Саудагер тыныш сауда қыла алмай жүр,

Қолдан беріп, қор болып, ала алмай жүр.

Ел аулақта күш айтқан, топта танған,

Арсыз жұрттан көңілі тына алмай жүр.

Естілер де ісіне қуанбай жүр,

«Ел азды» деп надандар мұңаймай жүр.

Ала жылан, аш бақа күпілдіктер,

Кісі екен деп ұлықтан ұялмай жүр.

Бір күшті көп тентекті жыға алмай жүр,

Іште жалын дерт болып, шыға алмай жүр.

Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі,

Не пайда, не залалды біле алмай жүр.

Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр,

Сұрамсақтар нәпсісін тыя алмай жүр.

Сәлем – борыш, сөз – қулық болғаннан соң,

Қандай жан сырттан сөз боп, сыналмай жүр?

 

* * *

ОН ЖЕТІНШІ СӨЗ

(бұрынғыша жиырма үшінші сөз)

ҚАЗАҚТЫҢ ҚУАНЫШЫ:

Ел ішінен бір жаманды тауып алады да:

«Мен одан жақсы екенмін» деп мәз болады.

Құдай пәленшеден сақтасын, ол да

адаммын деп жүр ғой, оның қасында

біз сәулелі кісінің бірі емеспіз бе,

оған қарағанда мен таза кісі емеспін бе?

Мені мен сен тең бе деп мақтанасың,

Білімсіздік белгісі – ол баяғы.

Оған Құдай Тағала: «Пәленшеден тәуір болсаң, болды» деп айтып па?

Бұл – қуаныш емес, өз-өзін алдау ғана.

* * *

ҚАЗАҚТЫҢ ЖҰБАНЫШЫ:

Жалғыз біз бе, елдің бәрі де сүйтіп-ақ жүр ғой,

көппен бірге болсақ болады да...

Көппен көрген ұлы той.

Оған Құдай Тағала: «Көптен қалмасаң болады,

көпке қаһарым жүрмейді», - деп айтып па?

Көппен бірге адасу – жеңіс емес, ақымақтық.

Жалғыз қалсаң да, тура жолдан тайма!

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: