18:03 Абай ілімі | |
АБАЙМЕН СҰХБАТ Абай ата, «кемел адам» немесе «толық адам» болудың шарты қандай? Әуелде бір суық мұз ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық, Бұл – қайраттан шығады, білсең керек. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек. Жеке-жеке біреуі жарытпайды, Жол да жоқ жарыместі жақсы демек. Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек. * * * Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға. Бастапқы екеу соңғысыз, Біте қалса қазаққа, Алдың – жалын, артың – мұз, Барар едің қай жаққа? * * * ОН АЛТЫНШЫ СӨЗ (бұрынғыша жиырма екінші сөз) ҚАЗАҚ ІШІНДЕ КІМДІ ҚАДІРЛЕУГЕ БОЛАДЫ? Байлар – қорғансыз, өз малын өздері билей алмайды. Мырзалар – пайда үшін мырза. Билікте – әділдік жоқ. Мықтылар – тек жамандықта ғана мықты. Есті адам қалмаған, өңкей қу мен сұмдар көбейген. ЖӘ, ЕНДІ КІМДІ СҮЙДІК, КІМНІҢ ТІЛЕУІН ТІЛЕДІК? Ырыс баққан дау бақпас. Енді амал жоқ – ел ішіндегі момын, адал кәсіпкерлерді ғана аяп, һәм солардың тілеуін тілемесең болмайды. Сонан басқаны таба алмадым. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
