18:29
Абай ілімі

ОН БЕСІНШІ СӨЗ

(бұрынғыша он жетінші сөз)

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі

өнерлерін айтысып, таласып келіп,

ғылымға жүгініпті.

Қайрат: «Ғылымды үйрену,

Құдайды тану, еңбекпен мансапқа

жету дегендердің бәрі менің арқамда.

Жамандықтан сақтап, дұрыс жолға

салатын да – мен», - депті.

Ақыл: «Пайда мен зиянды

білетұғын, сенің сөзіңді

ұғатұғын – мен. Менсіз ештеңе

бітпесе, осы екеуі маған қалай

таласады?» - депті.

Жүрек: «Мен – адамның денесінің патшасымын,

қан менен тарайды, жан менде мекен қылады,

менсіз тірлік жоқ. Әділет, ұят, рақым,

мейірім – бәрі менен туады. Ендеше, осы

екеуі маған қалай таласады?» депті.

Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін

тыңдап болып, айтыпты:

* * *

«Ей, қайрат, сенің пайдаңмен қатар залалың да көп.

Кейде жақсылыққа, кейде жамандыққа берік ұмтылып

кетесің – міне, соның жаман», - депті.

* * *

«Ей, ақыл! Сен Жаратқанды да танытасың, екі дүниенің

жайын да білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да –

бәрі сенен шығып, жақсының да, жаманның да іздегенін

тауып беріп жүрсің, соның жаман», - депті.

* * *

«Үшеуіңнің басын қоспақ – менің ісім. Бірақ билеуші –

жүрек болса жарайды. Өйткені жүрек ақылдың айтқан

жақсылығына ғана көнсе, қайратты да тек орынды іске жұмсайды.

Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар,

табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам – сол.

Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда,

қалпыңды таза сақта, Құдай тағала қалпына әрдайым

қарайды деп кітаптың айтқаны осы, - депті.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 3 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: