09:13 Абай ілімі | |
АБАЙМЕН СҰХБАТ Абай ата, мақтау сөзді неге «жел сөз» әрі «жанға қас» дейсіз? Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап. Мақтаннан бойды қалайша сақтауға болады? Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз. * * * Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе, Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе! Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып, Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе? * * * ОН ҮШІНШІ СӨЗ (бұрынғыша он алтыншы сөз) ҚАЗАҚ ҚҰЛШЫЛЫҒЫМ ҚҰДАЙҒА ЛАЙЫҚ БОЛСА ЕКЕН ДЕП ҚАМ ЖЕМЕЙДІ. Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын? Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. «Тілім келмесе қайтемін?» дейді. Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па? баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
